Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:58

21 325 қазақ тарихи Отанына оралған

16.01.2024

313

0

Былтыр 21 325 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 128,3 мың этникалық қазақ оралды. Өткен жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысы Өзбекстаннан, 21,5 пайызы Қытайдан, 10,2 пайызы Моңғолиядан, 9,2 пайызы Түркіменстаннан, 6,8 пайызы Ресейден және 2 пайызы басқа елдерден көшіп келген.

2024 жылы 1 қантардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,2 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,9 пайызды және зейнеткерлер 8,9 пайызды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3 пайызы жоғары білімді, 32,4 пайызы орта кәсіби білімді, 44,3 пайызы жалпы орта білімді, және 8,3 пайызының білімі жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар түрлі өңірлерге қоныстанған. Сонымен қатар қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер қатарында Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары анықталды.
2024 жылы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша қоныс­тандыру өңірлеріне 2 337 қандас көшірілген, бұл 2023 жылға бекітілген квотаға сәйкеседі. Аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшу үшін бір мез­гілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қыз­­меттерге ақы төлеуге бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК мөлшерінде субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
Былтыр 2126 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілген. Нақты айтқанда, 735 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, 2126 адам біржолғы субсидия алған, ал 694 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланған.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қо­ныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұр­ғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50 пайызы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
Еске салсақ, өткен жылы пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі жүзеге асырылған. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Қазіргі уақытта этникалық қазақтардан жаңа форматта 6 203 өтініш қабылданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: