Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК 23-25 қаңтар аралығында Қазақстан территориясында аязды ауа райы болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Алдағы үш күнде республиканың бүкіл Батыс жартысына Батыс антициклоны ықпал етеді. Салдарынан жауын-шашын, қарсыз аязды ауа райы болады. Ал елдің қалған аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Бұл циклон ықпалына сәйкес жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады, көктайғақ, тұман түсіп, боранды жел күшейеді.
Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 20-30 аяз, солтүстікте, орталықта және шығыста 7-18 аяз болады. Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +5, түнде – 5 градусты көрсетсе, оңтүстік-шығыста 0-10 градус аяз күшейеді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!