24 қаңтарда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін ел аумағында телеарна мен радиолар қызметін уақытша тоқтатады, – деп хабарлайды «Қазтелерадио» АҚ.
«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді.
«Осы жылдың 24 қаңтарында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қаласының уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», – делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!