Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 29 қараша, 10:48

Тұрғындардың құқықтарының қорғалуы департаменттің басты назарында

24.01.2024

276

0

Мемлекеттік қызметтерді көрсету – мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының құрамдас бөліктерінің бірі. Адам дүниеге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады.Туу туралы куәлікті алудан бастап азаматтың қайтыс болуы туралы анықтамасын беру де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады.

Бүгінгі таңда, қызмет алушылардың уақытын үнемдеу, әкімшілік кедергілермен қағазбастылықты жою мақсатында электронды көрсетілетін қызметтердің үлесі артуда.

Қызылорда облысындамемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелермен 395 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2023 жылы қызмет беруші мекемелер тарапынан 6 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Оның 5 млн 151 мыңға жуығы – жергілікті атқарушы органдармен, 871 мыңнан астамы – аумақтық мемлекеттік органдармен көрсетілген.

Электронды түрде қызметтер алу үлесі 2022 жылы97,8 пайызды құраса, бұл көрсеткіш 2023 жылы 98,2 пайызға жетіп, яғни, 0,4 пайызға артты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңына сәйкес кез-келген тұлға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуғажәне қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін органдар үшін өз қызметінің сапасын арттыру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы басты қағида болуы тиіс. Дегенмен, кейбір қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуына жол беретіндігі жасырын емес.

Былтыр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қарауына 57 шағым түскен. Оның 19-ыбойынша департамент тарапынан жоспардан тыс тексеру тағайындалып қаралса, 22-сіқұзыреттілігі бойынша жолданды. Ал, 16 шағым,шағым иесінің өтінішхатымен тоқтатылды.Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 3 азаматтың уәжі өз дәлелін тауып, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Шағымдардың басым бөлігі жер учаскелерінің табысталуына және әлеуметтік қамсыздандыру саласына қатысты болып отыр.

«Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша облыс орталығы тұрғыныныңшағымы негізінде Қызылорда қаласы әкімі аппаратына, қалалық сәулет және қала құрылысы, ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімдеріне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан келісуші органдарға қызмет алушының құжаттарын 111 күнге кешіктіріп жолдап, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібінің бұзылғандығы анықталса, қалалық жер қатынастары бөлімі тиісті шешім жобасынқала әкімі аппаратына жолдамағаны белгілі болды.Яғни, қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар қызмет көрсету мерзімінсақтамай, қызмет алушының құқықтарын бұзған.

Аталған факті бойынша қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жауапты маманынатәртіптік жаза қолданылса,қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Тексеру нәтижесімен, Департамент тарапынан енгізілгенұсыным негізіндеқызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

2022 жылдың шілде айынан бастап азаматтарға мемлекеттік қызметтердікөрсету барысында орын алған бұзушылықтарды анықтау функциясы Агенттікке берілді.Осы кезеңнен бастап, Департамент тарапынан мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қашықтықтан мониторинг жұмыстары жүргізілуде.Яғни қызмет алу процестері кезіндегі заңнама нормаларының бұзылу фактілері мониторинг арқылы бақыланып, қызмет алушының шағымынсыз-ақазматтардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылы қашықтықтан бақылау тәртібімен Департаментпен 132 бұзушылық анықталды, оның 39-ы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу фактісі. Осы ретте, мемлекеттік органдардың басшыларына 21 әкімшілік хаттама толтырылып, бюджет кірісіне 724500теңге айыппұл өндірілді.

Қашықтықтан мониторинг жүргізу барысында Жалағаш ауданы, Бұқарбай ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» мемлекеттік қызметін көрсетумерзімі бұзылғандығыанықталды. Департамент тарапынан шұғыл түрде Жалағаш аудан әкімдігіне бұзушылықты жою туралы ескертпе хат жолданып, қызмет алушыға жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулысын алуы қамтамасыз етілді.Қызмет көрсету мерзімдерін сақтамай, қаулыны 5 жұмыс күніне кешіктіріп ұсынғаны үшін ауылдық округ әкіміне әкімшілік айыппұл салынды және ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманына «ескерту» тәртіптік жазасы берілді.

Былтыр қашықтықтан мониторинг жасау жұмыстырының нәтижесімен 6 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі мерзімінде көрсету және оларды көрсету нәтижесімен қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы – мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала бермек. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы алдағы уақытта да Департаменттің жіті бақылауында болады.

Ерлеген МЕНДАЛИЕВ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: