Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 08 қыркүйек, 05:21

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың ірі арсеналы табылды

30.01.2024

334

0

Алматы қаласында қару-жарақтың ірі арсеналы табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Жасырын жерден «Калашников» автоматтары, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон шықты.

«Алдын ала деректер бойынша, табылған қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған», – дейді комитет мамандары.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: