Батырбеков Азиз Жұмаділдаұлы «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің редакторы қызметіне тағайындалды.
Батырбеков Азиз Жұмаділдаұлы 1983 жылғы 6 желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Астана қаласындағы Қазақстан-Ресей университетін филология мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда гуманитарлық заң колледжінде оқытушы болып бастаған.
2007-2009 жылдары Шиелі ауданындағы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында мұғалім;
2009-2010 жылдары Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінде факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Мемлекеттік тілді дамыту және аударма» бөлімінің бастығы;
2012-2017 жылдары Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі;
Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» және облыстық «Сыр бойы» газеттерінде тілші болып қызмет атқарған.
2018 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы болған. 2018-2020 жылы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы лауазымын абыроймен атқарып келді.
2020-2024 жылы қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің редакторы қызметін атқарды.
Әзиз Жұмаділдаұлы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Өлеңдері мен очерктері және ғылыми-танымдық мақалалары бірнеше жинақтар мен кітаптарға енген. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!