Биыл 2600-ден аса студент Қазақстан халқына қорының оқу грантын иеленді. Қоғамдық қордың шәкіртақысы мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына берілетінін еске саламыз, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың кейбірі оқуын аяқтап, маман иесі атанды. Әсел Мұсаева церебральды сал ауруына бала кезде шалдыққан. Соған қарамастан өмірге құштар. 5 жылдан бері паралимпиядалық спорт түрімен айналысады. Ол арбадағы спорттық биден Азия біршіліктерінің бірнеше дүркін жүлдегері. Қоғамдық қор қаракөздің отбасылық жағдайы мен жетістіктерін ескеріп қайырымдылық грантын ұсынды.
«Біздің үйде мүгедек 2-3 адам болғандықтан кішкене маған оқу жағы өте қиынырақ болды. Ал осы грантты ұтып алған кезде ата-анамда қуанышты болды, мен де қуандым. Осындай грантта бізге оқуға мүмкіндік туғызған Қазақстан халқына қорына шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Әрі қарай жақсы оқып жақсы маман атанып ең үздік маман болуға тырысамын».
Әсел Мұсаева, студент
Қоғамдық қор студенттердің оқу ақысын 2021 жылдан бері төлеп келеді. Бүгінде тегін білім мен шәкіртақы алушылар саны 3117-ге жетті. Олардың 160-қа жуығы – тараздық жастар.
«2023-2024 оқу жылы бізде 89 ЖОО-да 824 грант тағайындалды. Яғни бұл бірінші курс абитуриенттері. Аз қамтылған отбасылар, мүгедектері бар отбасылар, көп балалы отбасылар. Яғни осындай 7 категория бар», – дейді «Қазақстан халқына» қорының орталық басшысы Бауыржан Оразғалиев.
«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық бағытында «Самұрық-Қазына» қорымен бірігіп мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қамқорлық орталықтарын ашуда. Соңғы 3 жылда еліміз бойынша 30-дан аса ерте араласу, аутизм және оңалту мекемелері қолданысқа берді. Мәселен Тараздағы орталықта жылана мыңға жуық жеткіншек тегін ем қабылдауда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!