Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Сыр жұртшылығына ауызашар берілді.
Оған облыстың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, барлық ауданнан келген ардагерлер, еңбек адамдары қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, бірлік пен береке, мейірім мен ізгілік, қанағат пен сабыр салтанат құратын кезде жасаған дұғалардың қабыл болуына тілектестігін білдірді.
Ел ағалары Жарылқасын Шәріпов, Қорғанбек Қайруллаев, Ибрагим Әбибуллаев, Шәкизат Төребаев, Самұрат Имандосов, Бақберген Досмамбетов, Бекмырза Еламанов және Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, ізгі тілек білдірді.
Ауызашарда Денсаулық сақтау ісінің үздігі Тұрғанбай Маханов ақ батасын берді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев ғибратты уағыз айтып, аруақтарға Құран бағыштады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!