Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру мақсатында Орал қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Премьер-министр өңірге келісімен Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет құрылыстарын салу жұмыстарының барысын тексерді.
Сонымен қатар Олжас Бектенов ахуалды бақылау үшін аумақта орналасқан су қоймаларының өзен арналарын тікұшақпен аралайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!