Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 05:38

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

20.04.2024

564

0

Апта басында «Мансап» орталығының мониторинг тобы халықты жұмыспен қамту мақсатында Мәдениет, Мақпалкөл, Жаңаталап, Аққыр ауылына жұмыс сапарымен барды. Орталық директоры Ғалымжан Телібаевтың айтуынша, «Мансап» орталығына келуге мүмкіндігі болмай жүрген тұрғындарға көрсетілетін қызметтер жайлы жан-жақты ақпарат беріп, тиісті көмек көрсету бір ізге түскен. Мұның жұмыссыз жүрген азаматтарды еңбекпен қамтуға қосар үлесі қомақты. Ауыл тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде орталық қызметкерлері алдағы уақытта да ауылдарға сапарлайды.

Мәдениет ауылынан бастаған са­парда мамандар халық көп шоғыр­ланған орындарда көкейіндегі сауалын қоюға кел­ген тұрғындардың талап-тілегін тың­дады. Оның ішінде екі қолға бір күрек табуға ниеттілер де бар. Ма­мандар жұмыс сұрап келген тұр­ғын­дар­­дың жасы мен біліміне, әлеу­меттік ахуалына сай тиісті жұмыстар ұсынды.
Кездесуде ауыл тұрғындарына «Жас­тар тәжіри­бесі», «Күміс жас», ақы­лы қоғамдық жұмыс пен әлеу­мет­тік жұмыс орындары жайында, қай­тарымсыз грант, «Бастау бизнес» кә­сіпкерлік негіздері аясында кәсіп­тік оқу, атаулы көмек, бос жұмыс орын­дары туралы толық ақпарат беріліп, үнпарақтар таратылды.
Мекеме басшысының айтуынша, ау­данда жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызды құрайды. Яғни қаңтар айына дейін тір­келген жұмыссыздар саны – 902. Жұмыспен қамту органдарына жұ­мыс іздеуші ретінде 1 329 адам жү­гінсе, 769-ы тұжырымдамаға қа­тысушы ретінде тіркелген. Оның ішін­де 636-сы жұмыссыз, 96-сы жұмыс іздеуші, 37-сі өздері жұмыспен қамтылған. Олардың 122-сі бос жұмыс орындарына орна­ласқан.
«Бастау Бизнес» жобасымен кә­сіп­­керлік негізде оқытуға 43 адам жолданған. Оның 27-сі оқу курсын аяқтаған. 1-еуі кәсіп ашса, 22 адам «Электронды еңбек биржасы» пор­талы арқылы онлайн-оқудан өтіп, сер­тификат алған.
Субсидияланатын жұмыс орында­рына келсек, бұл бағытта 604 адам жұмысқа орналасқан. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам жолданған. Ал жастар прак­тикасымен 16 адам жұмысқа тұрған. Қоғамдық жұмыстарға 564 адам жолданды, оның 1-еуі тұрақты жұмысқа орналасқан. «Ал­ғаш­қы жұ­­мыс орнына» 2 адам жол­дан­ған. «Күміс жас» жобасына 18 адам ба­рып, оның алтауы орталық қыз­мет­керлерінің мониторинг жұмыс­тарын жүргізу нәтижесінде мерзімінен бұрын босатылған.
«Мансап» орталығының бір күн­дік сапарында орталық бас­шысы Ғалымжан Телібаев ауыл тұр­ғын­да­рымен жеке қабылдау өткізді. Сондай-ақ мамандардың көмегімен 6 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелсе, 1 адам жұмысынан айырылуына бай­ланысты әлеуметтік төлемге өтініш білдірді. 3 адам қоғамдық жұмысқа жол­дама алды. 1 адам «Ұлттық жоба» шеңберінде тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 1 жұмыс берушіден «Ал­ғашқы жұмыс орны» жобасына өті­нім берілді.
Аталған орталық тұрғындарды жұ­мысқа жолдаумен қатар жұмыссыз жүр­­гендердің жаңа кәсіп игеруіне де көңіл бөліп келеді. Атап айтсақ, шаш­та­­раз мамандығы бойынша биыл 25 адам қысқамерзімді курс оқу жоспар­ланған.
– Қазіргі таңда шаштараз маман­дығы бойынша 5 жұмыс берушіден 10 адамға оқуға өтінім түсіп отыр. Жылдық жоспар бойынша сәуір айында 15 адам, шілде айында 10 адам оқиды. Әзірге 10 адам ғана нақтыланып тұр. Қалған 5 адам табылған соң сәуір айының оқуы басталады. Осы бағытта ауылдағы шаштараз мамандығына икемі бар қыз-келіншектерге барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл оқу 3 айға созылады. Оқимын деген тұрғындарға 28 323 теңге шә­кіртақы, 36 920 мың теңге көлемінде тұрғын үйді жалдау ақысы мен 14 768 мың теңге жол жүру ақысы, медициналық тексеруден өту үшін 1 рет 7 384 теңге беріледі, – дейді «Мансап» орталығы филиалының «Ең­бек ресурстарын мо­ниторингілеу, болжау, оқыту және кәсіп­керлік бастамаларды қолдау» бөлім­шесінің басшысы Бердібек Қазбеков.
Жыл басынан бері орта­лық қыз­меткерлері 2023 жыл­дан өтпелі жә­не биыл субсидия­ланатын жұ­­­­мыс орын­дарына жол­данған қа­­ты­­су­шыларға бюджет қа­­­ра­жатын мақ­сатты жұмсау ба­ғы­тында 132 жұмыс берушіге 629 адам­ға мо­ниторинг жұмыстарын жүр­гі­зіп, нә­ти­жесінде 18 жұмыс беру­шіге «ес­кертпе» хат берілген, 14 адамның жұ­мысы тоқ­та­тылған. Ал­дағы уақытта бұл бағытта ау­дан орталығынан шал­ғай ор­на­лас­қан елді мекендерде де тү­сін­діру жұ­мыстары жүргізіледі.

Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: