Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 01:22

Жазғы демалысты тиімді өткізудің тетіктері

26.04.2024

590

0

Жаз мезгілі – балалардың асыға күтетін мерейлі маусымы. Жазғы демалысты қалай тиімді ұйымдастырамыз? Балалардың жазғы демалыстарында теледидар мен компьютердің алдына жіпсіз байланып отырмауы үшін не істеу керек?» – деген сұрақтардың туындайтыны анық.

Осы тұрғыда, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаеваның ұйымдастыруымен «Жазғы демалысты тиімді өткізудің тетіктері» тақырыбында кездесу өткізілді.

Аталған кездесуге «Дарын» бастауыш партия ұйымының төрағасы,білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Еспенбет Жасұлан, «Жастар Рухы» ЖҚ Жалағаш аудандық бөлімшесінің жетекшісі Нұржан Амандық, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Келелі кездесу барысында «Дарын» бастауыш партия ұйымының төрағасы, білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов хабарлама жасап, жазғы демалыс уақытында атқарылар жұмыстармен таныстырып өтті. «Ақтерек» сауықтыру лагерінің директоры Нұрхан Бақбергенов жазғы лагерьге келетін балалардың құжаттарының дұрыс рәсемделуі, тәлімгерлердің жұмысы туралы айтып өті. Сонымен қатар, өткен маусымда жіберілген кемшіліктерді атап өтіп, алда келе жатқан жазғы маусымды тиімді өткізу бойынша ойларын ортаға салды.

Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева балаларға ұлттық құндылықтар бойынша шаралар, балаларды еңбекке баулу, тәрбиелік мәні бар ойындар ұйымдастырып, жоспарға енгізу бойынша ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, партияның «Ұлттық мұра», «Qaisar», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Менің елім – менің тірегім» жобалары аясында және «Этно ауыл» тақыбында ұлттық құндылықтарды насихаттау бойынша бірлескен шаралар өткізілетінін айтты.

Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Балаларға тәлім-тәрбие беруде жастар ресурстық орталығы, үкіметтік емес ұйым өкілдері өз үлестерін қосып, атсалысатын болады. Балалардың жазғы демалысын тиімді әрі мәнді өткізу баршамызға ортақ жұмыс – деді аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Еспенбет Жасұлан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: