Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) өзінің келесі жекпе-жегін меңзейтін жазба жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Жәнібек Әлімханұлы Twitter-дегі парақшасында: «Soon! Inshallah! (жақында)», деп жазба қалдырды.
Оның жазбасына орта салмақтағы қазіргі «уақытша чемпион», доминикандық Карлос Адамес іле-шала пікір білдірді.
«Nobody has called me? (Маған ешкім хабарласқан жоқ)», деп жазды Карлос Адамес.
Айта кетейік, екі боксшы да кейінгі жекпе-жегін өткен жылы өткізген еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!