Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 00:48

Тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейін жақсарту инфрақұрылымды дамытудан басталады

02.05.2024

459

0

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өткізілды. Аталған отырысты Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлзат Құрманбаева төрағалық жасап, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева арнайы қатысты.

Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Байнахатов Әліби Қодарұлы «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге»! сайлауалды бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша іске асырудың Жол картасы төңірегіндегі «Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту» бағытының «Электр, жылумен жабдықтау және кәріз желілерін жөндеу», «Таза ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету», «Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін арттыру», «Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету» тармақшаларының орындалуы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, 2024 жылға жоспарланған Жалағаш ауданы бойынша сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектілеріндегі жағдай туралы хабарлама жасады.

Бүгінде Жалағаш ауданы бойынша Ақсу және М.Шәменов елді мекендерін газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Жоспарланған газдандыру жұмыстары тамыз-қыркүйек айларында аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» учаскесіндегі жаңа тұрғын ауданын газбен жабдықтау жүйесінің құрылысына республикалық бюджет есебінен 603 млн. теңге қаржы бөлініп, газ құбырын тарту жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі күні Бұқарбай батыр, Қаракеткен, Далдабай ауылдарында газ тарату желілерінің және жеткізуші газ құбырының құрылысына демеушілік есебінен ЖСҚ әзірленуде. Жоба жүзеге асқан жағдайда аудан тұрғындарының 40 пайызы табиғи газ желісіне қосылатын болады.
Жалағаш ауданы бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы 457,5 шақырым, электр жүйелерінің орташа тозу деңгейі 45,2 пайызды құрайды. Қазіргі таңда Есет батыр және Т.Жүргенов елді мекендерінде тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымының (электр беру желілері) құрылысын монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ал, Мырзабай ахун елді мекені бойынша жеңімпаз мекеме анықталды. Электр жүйесінің тозу деңгейі 25 пайызға азайту мақсатында Жалағаш кенті, Еңбек, және М.Шаменов елді мекендерінің электр жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу демеушілік есебінен жүргізілетін болады. Бүгінде аудан тұрғындары толығымен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2022 жылы 4 жобаға 1,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, 2 елді мекеннің ауыз су желілерін кеңейту (Аққұм, Мәдениет) және жаңадан ашылатын «Ақтерек» учаскесінде су ұңғамасы мен су тарату желерінің құрылысы іске асырылып, 2023 жылы жоба толығымен аяқталды.
Ауданымызда инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту шаралары бойынша бірқатар тындырымды жұмыстар атқарылды. Десекте, күн тәртібінен түспейтін алда атқарар мардымды жұмыстарда бар. Бұл мәселелерді кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынып, жұмыстар жүріп жатыр – деді Әліби Байнахатов.

Отырысқа қатысушылар тарапынан «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге»! сайлауалды бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша іске асырудың Жол картасында көзделген шаралар бойынша бірқатар сауалдарын жолдап, ұсыныстарын берді. Ұсыныстардың орындалуы депутаттық фракция назарында болады.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: