Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 08:04

Көкөніс бағасы көтерілген

04.05.2024

1708

0

Азық-түлік арзандар емес, қымбаттап барады. Бұрын баға маусымдық мезгілдерде тұрақсызданып, кейін қалпына келіп жататын. Ал қазір қымбатшылық қалыпты жағдайға айналғандай. Үкімет әлеуметтік азық-түлік бағасының тұрақтылығына аса мән беріп, бірқатар бағдарламалар да енгізді. Нәтиже бар, бірақ халық күткендей емес. Әсіресе көкөністің бағасы қалтаға ауыр тиіп тұр.

Тәжікстан мен Өзбекстан 4 мың тонна көкөніс импорттамақ

Статистикаға сүйенсек, елі­мізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар­ларының баға индексі үш апта қатарынан төмендеген. Бағаның тө­мен­деуі қарақұмық жармасы, пияз, күн­бағыс майы, ұн және басқа да өнімдер бойынша байқалып отыр. Мау­сымаралық кезеңде көкөніс бағасының анақұрлым ауытқуына жол бермеу үшін ел нарығана Өзбекстан мен Тәжік­станнан «жасыл дәліз» арқылы және дел­далдар мен алыпсатарларсыз кө­көністер тиімдірек бағамен жеткізілетін болады. Нақтырақ айтсақ, Үкімет та­рапынан жалпы көлемі 4 мың тонна импорттық көкөністерді, оның ішінде 2 060 тонна картоп пен 1 940 тонна пияз жеткізуге келісім-шарт жасалған.
Жалпы алғанда, әкімдіктер кемінде 18,6 мың тонна картоп, 7,2 мың тонна сәбіз және 5 мың тонна пиязға алдын ала келісім-шарт жасау қажет. Қазіргі уақытта қолда бар қорлардан 81 мың тонна көкөніс өнімдері пайдалануға берілген.
Елімізде әлеу­­меттік маңызы бар азық-түлік өнім­де­рінің бағасы қатаң ба­қылауда екені белгілі. Үкімет жыл ба­сынан бері мүдделі органдармен бір­лесіп, тауар­лық үстеме бағаны асыр­ған 732 фактіні анықтап, 1 мыңнан астам әкімшілік іс қозғаса, 109 өнімсіз дел­дал бұғатталған. Жалпы жыл ба­сынан бері баға бел­гілеуге әсер ететін 2,5 мыңнан ас­там тізбекке талдау жасалып, сауда, салық және монополияға қарсы заңна­маларды бұзудың 800-ден астам тәуе­келі анықталған.

Көкөніс егетіндер
аз емес

Сыр өңірінде көкөніс бағасының көр­сеткіші басқа аймақтарға қарағанда әлдеқайда тұрақты. Жергілікті билік те алдағы уақытта бақша өнімдерінің бағасы тұрақты болатынын айтады. Иә, сырбойылықтар соңғы уақытта егістікті әртараптандыруға аса көңіл бөліп, көк­темде бақша дақылын егуді әдетке айналдырған.
Мәселен, былтыр ау­данда жеке тұр­ғындар та­ра­пынан картоп, көкөніс және басқа да бақша дақылдарын егуге 500 гек­тар жер бөлінген. Сол жерге 921 отбасы 217,3 гектар картоп, 63 гектар көкөніс, 219,7 гектар басқа да бақша дақылдарын еккен. Осылайша жа­ла­ғаштықтар еңбектің арқасында қыстық азығын жинап алған бо­латын.
Биыл да бұл үрдіс жалғасын таппақ, тіпті бөлінетін жер көлемі де былтырғыдан көп екен. Ал шаруа қожалықтар былтыр 75 582 центнер картоп, 190022 центнер көкөніс және 283 824 центнер басқа да өнім алған.
Өздеріңізге белгілі, жергілікті ша­руа адамдары өзінің өнімдерін жәр­меңкеге әкеліп, қолжетімді бағада сау­­далауды үрдіске айналдырған. Мә­селен, аудандағы «Ер-Әлі» ШҚ бұл мақ­сатта былтыр кар­топ­тың 1 келісін 120 теңгеден, сә­бізді 125 теңгеден сат­ты. Мұ­нан бөлек ау­дан бойынша «Байқоңыр» әлеумет­­тік кәсіпкерлік корпора­­циясы­ның тұ­­рақ­­тандыру қо­рын­дағы өнім­дері жыл­жы­малы жәр­мең­ке арқы­лы тұрғын­­дарға төмен ба­­­ғамен ұсынылуда. Бұл шаралар да бағаның тұрақтауына сеп болады.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: