Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 21:44

Мерейтой иесіне құрмет

04.05.2024

906

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов 80 жасқа толған ардагер Тынымкүл Алмағанбетованың шаңырағына арнайы барып, мерейтой иесін туған күнімен құттықтады. Батыр анаға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы құттықтауын жеткізіп, ел үшін еткен еңбек жолына шынайы алғысын білдірді.

Тынымкүл Алмағанбетова 1944 жылы 1 мамырда Жалағаш ауданының Бұқар­бай батыр ауылында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы аудан эконо­микасын, мәдениетін, халықтың әлеуметтік тұр­мысын көтеруге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосқан үлесін ескеріп, ҚР Президентінің Жарлығымен «ҚР Еңбек сіңірген денсаулық сақтау және әлеу­меттік қамсыздандыру қызметкері» құрметті атағы берілген.
Ол қазақ жерінің зиялы азаматтары ғұмырнамалық жинақтар сериясының он сегізінші кітабына енді. 2011 жылы «Жа­лағаш ауданының құрметті азаматы» атанды. Былтыр 20 желтоқсан­да ел­ор­дада ҚР «Bilim-orkenieti» инно­вация­лық ғылыми-зерттеу орталығы­­ның ұйым­дас­тыруымен өткен «Қазақ­стан Респуб­ликасының құрметті азаматы» төсбелгісі берілді. Қазақстан Республикасының ең­бек сіңірген зейнеткері, «Күміс алқа» иегері. Жолдасы Рахат Алайдаров көп жылдар ауыл шаруашылығы саласында қызмет еткен, зейнеткер, еңбек ардагері. Қазіргі таңда асқар тау әке мен ақжау­лықты ана 6 бала тәрбиелеп өсіріп, олардан немере-шөбере сүйіп отыр.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: