Қоғам өркендеп, өзгерген сайын адамзаттың психологиясы, құндылықтары мен көзқарастары өзгеруде.
Бүгінгі күннің ащы шындығы – адамның бір-біріне көзқарасыны, қарым-қатынасыныңөзгеруі. Біз, қазақ халқы отбасы құндылықтарын бірінші орынға қойған елміз. Ата-бабаларымыз «неке бұзу» ұғымын мүлдем қолданбаған, бұл сөзге үлкен күнә ретінде қараған.
Дініміз бен менталитетімізге жат нәрсе болғанымен, қазіргі таңда елде неке бұзу деректері көп. Сот органдарына неке бұзуға арыз беретіндердің 70 пайызы әйелдер екен. Себептері: мінездерінің жараспауы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, материалдық қиындықтар, жұмыссыздық, көзге шөп салу, ата-ананың екі жастың өміріне араласу, жастардың үлкен өмірге ойланбастан дайындықсыз келуі, әйелдердің өз-өздерін қамтамасыз ете алатындай дәрежеге жетуі және тағы басқалар.
Неке бұзу – қазіргі қоғамда қалыпты жағдайға айналғаны өзекке өкініш ұялатады. Дұрыс құрылмаған қарым-қатынас тікелей өзімізгебайланысты, яғни, себепкер өзіміз. Жастарымыз қызығушылықпен отбасын құрып, кейін үйленіп алған соң өмірлік көзқарастарыөзге екенін байқап, қызуқанды шешім қабылдап жатады. Айталық статистикалық көрсеткіш бойынша отбасылық кекілжің салдарынан дәм-тұздары жараспай ауданымызда сот органдарына 2023 жылы 69 неке бұзу туралы арыз түсіп, оның 39 некесі бұзылған.
Алайда, медиация тәртібімен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде көп отбасылардың некелері сақталып отыр. Қазақ халқы үшін бітімгершілік билік айтудың нәтижесінде көп отбасылардың некелері сақталып отыр. Қазақ халқы үшін бітімгершілік билік айтудың ең озық өнегесі. Сотқа түскен неке бұзу туралы арыздың басым көпшілігі татуласу рәсімімен қаралады. Мүліктік даулар, баланы асырап бағу, оның тұрғылықты мекен жайын анықтау, ата-ана құқықтарын жүзеге асыру сияқты сұрақтар оң нәтижеге қол жеткізіп, медиатор арқылы шешіліп жатады. Бірақ, отбасының тыныштығын сақтау екіжақтың да міндеті. Осы жауапкершілікті сезіне отырып, ер де, әйел де бір-біріне рухани және материалдыққолдау көрсетуі тиіс.
Еліміздің өркендеп гүлденуі – отбасының беріктігіне де байланысты. Себебі, ел болашағы жастардың қолында. Бүгінгі таңда, қоғамымызда орын алып отырған жастардың неке бұзуына жол бермеген дұрыс. Жастардың ажырасуы халық санының өсуіне де ықпал етеді.
Жалағаш аудандық сотының
бас маманы Д.Ә.Шадаев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!