Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:51

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

10.06.2022

523

0

Бүгін «АМАNАТ» партиясы Жалағаш аудандық филиалында
«Жастарды қолдау» жөніндегі кеңес отырысы болып өтті. Жалағаш аудандық мәслихаттағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, кеңес төрағасы Серәлі Нарбота төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде екі қаралды. Атап айтар болсақ, жастарға және азаматтардың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қолжетімді тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары және аудан бойынша «Ұлттық жоба шеңберінде» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы.
Партияның аумақтық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің отырысына Жалағаш аудандық мәслихаттағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Мұстафаева Қаншагүл қатысты.

Ауданда тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Аудан бойынша тұрғын үйді пайдалануға берудің бекітілген көлеміне сәйкес есепті кезеңде жеке тұрғындар есебінен 2022 жылдың 5 айында – 5 520,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың осы есепті кезеңімен салыстырғанда 103,0 % артығымен орындалды.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы Жалағаш кентінің «Дәуімбай» учаскесінде облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен 103,7 млн. теңгеге бір пәтерлі үш бөлмелі арендалық 10 тұрғын үй құрылысы аулалық қосымша құрылыстарсыз салынып, пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда, аталған тұрғын үйлердің 3-і кезекте тұрған азаматтарға сатылса, қалған 7 тұрғын үйлерді сатуға байланысты жұмыстар жүргізілуде.
Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және (немесе) аз қамтылған көп балалы отбасыларға 2021 жылы коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен 277,2 млн. теңге бөлініп, Жалағаш кентінің «Дәуімбай» учаскесінен 30 тұрғын үйлер сатып алынып, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға берілді.
Жалпы 2019 жылдан бастап 2022 жылдың 5 айын қоса алғанда 52 409 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Жалағаш кенті «Дәуімбай» учаскесінен 1 пәтерлі 3 бөлмелі 20 тұрғын үй құрылысына тиісті министрлікке облыстық құрылыс басқармасы арқылы бюджеттік өтінім тапсырылды – деді Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Байымбетов Нұрлан.
Жалағаш ауданы бойынша «Ұлттық жоба шеңбері» аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы Ержанов Бексұлтан хабарлама жасады.
Хабарлашыларға кеңес мүшелері тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: