Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 10:49

Гүлмира Еспенбетова, аспаз:
Аспазға шығармашылық ізденіс керек

03.06.2024

455

0

«Әрбір адам өзінің кәсіби болашағын, қандай мамандық иесі болатынын оқушы кезінен жоспарлайды. Өз жолыңызды қалай таңдауға және қателеспеуге болады? Еңбек қуаныш сыйлайтындай өміріңізді қандай мамандықпен байланыстырасыз? Иә, бұл сұрақтарды әрқайсысымыз өзімізге бірнеше рет қойғанбыз. Өйткені қоғамда өз орнын табамын деген адамның басты міндетінің бірі – мамандықты дұрыс таңдау» деп бастады әңгімесін аспаз Гүлмира Еспенбетова.

Күні кеше аудандағы индустриалды-аграрлық колледжіне атбасын бұрып, жұмыс барысымен танысқан бола­тын­быз. Кіреберістен адамның тәбетін аша­­­­тын жағымды иіс байқалды. Иә, оқу орнында «Аспаз» мамандығы бо­­йынша дәріс беріледі. Сол сәтте кә­сіптік ас­ханада 1 топ оқушы ас­паз­ Гүлмира апай­мен бірге тәтті то­қаш пі­сіріп жатыр екен.

Гүлмира Еспенбетова Жалағаш ин­­­­дустриалды-аграрлық колледжінде «ас­­­­паз» және «кондитер-безен­ді­руші» мамандығы бойынша ұстаздық ете­ді. Бұл салада 23 жылдық тәжірибесі бар кейіпкерімізден бүгінде 40 студент тәлім алып, кәсіби шыңдалуда. Сон­дай-ақ оның шәкірттері түрлі ай­мақтық, республикалық сайыс­тар­дың жүлдегері атанған. Нақ­тырақ айтсақ, биыл шәкірті Милана Сайдуллаева «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатының аймақтық бай­қауында 2 орынды иелен­ген. Қазіргі таңда Гүлмира апайдан ас­паздық өнердің қыр-сырын үйренген тү­­лектер мамандық бойынша қоғамдық тамақтану орындарында, балабақша, ем­хана, мектептерде абыройлы еңбек етсе, бірқатары кәсібін бастаған.

Гүлмира Еспенбетова мектеп бі­тір­ген соң Қорқыт ата атын­дағы Қызы­лор­да университетіне «инженер-технолог» мамандығы бо­йын­­­ша оқуға түскен. Бала кезінен ас да­­йын­дауға ерекше ықыласы мен бе­йімі бар кейіпкеріміз өзінің ұнатқан ма­­­­­мандығы бойынша жасаған жұмысына риза. Осылайша өз ісінің ше­­бері бізді күнделікті жұмыс проце­сі­мен таныстырып та үлгерді.

Аспаз – қоғамдық тамақтану орын­дарында тамақ дайындайтын адам. Бұл мамандық маңызды, қызықты және болашағы зор. Бірақ бұл сөздер ас­­паздық кәсіпті толық сипаттай ал­майды. Бұл мамандықтың адамдары нағыз сиқыршылар десек те болады. Олар саналуан өнімдерге, ең жақсы та­ғамдарға арналған мыңдаған ре­цепт­і біледі. Аспаз өнімдердің са­пасын сыртқы түріне қарай, та­ғам­ның дайын болу дәрежесін иісі бо­йынша анықтайды. Асханада ол көп­теген адам­ үшін өнімдердің бет белгісін есептейді. Жоғары деңгейлі мей­рам­ха­наларда ол тағамға өзіне бел­гілі құпия ингредиентті ғана қосады, бұл ке­лушілерді керемет дәмге таң қал­ды­рады. Ас пәсіруде бәрі маңызды, яғни тағамның қалай кесілгені, пі­сі­ру­ге қанша уақыт кетті, тағамның тұзда­луына қанша минут қалғаны, сор­палардың, тұздықтардың, салқын және ыстық тағамдардың, са­латтардың, де­серттердің шексіз алуан түрі әлемдік тағамдарды қамтиды.

– Аспаз мамандығының өзіндік ерек­­шелігі бар. Ескі орыс мақалы бұл ма­мандықтың мәнін аша түседі. Жақ­сы аспаз – дәрігерге лайық. Бұл шы­нымен де рас. Аспаз адам ағзасына зиянсыз, дәмді тағам дайындауды бі­луі керек. Мұны істеу үшін ол тамақ­та­нуды, тіпті медицинаны түсінуі ма­ңызды. Осының бәрі аспаздың қажетті мамандық қана емес, сонымен қатар өте мәртебелі мамандық екенін дә­лел­дейді. Мен әлі күнге дейін үздіксіз ізденіс пен оқу үстіндемін, өйткені ре­цептер күнде өзгереді, – дейді Гүлмира Еспенбетова.

Аспаздың жұмысы қиын да жа­уапты екенін кейіпкеріміздің әңгіме­сінен байқадық. Аспаз болу – қы­зықты, беделді және сұранысқа ие, жоғарғы дәрежелі мамандық. Оны абыроймен арқалап жүрген Гүлмира Ізбасарқызы отбасында 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр. Бүгінде оның шәкірттерінің алды үлкен жетістікке жетіп, кәсібін жандандыруда.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: