Біздің алдымызда ұрпақты тәрбиелеу міндетіміз тұр. Яғни, ата-бабаларымыздың игі дәстүрін сақтайтын, күллі әлемге қазақ атын шығаратын, өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Ұлттық құндылықтардың халқымыздың өмірінде алатын орны өзгеше. Ұлттық тәрбие бүгінгі күн талабы. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен «Дарын» бастауыш партия ұйымының ұйымдасуымен партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Этно ауыл» жазғы демалыс алаңындағы іс-шаралар жұмыстары жалғасуда. Негізгі мақсат – жас ұрапаққа ұлттық құндылықтарымызды насихаттай отырып, санасына сіңдеру болып табылады.
Бүгін «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырылған «Этно ауыл» жазғы демалыс алаңында оқушыларға аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, жұмыстарымен танысты. Оқушылар тарихи жәдігерлерді көзбен көріп, егемен елдің өткені мен бүгінінен сыр шертетін құнды материалдар туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар, музейдің кіріспе залынан бастап барлық бөлімдер мен құндды экспонаттар кеңінен таныстырылды. Сонымен бірге, оқушылар киіз үйде болып, қазақтың тұрмыстық бұйымдары көрсетілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!