Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 06:53

Франция президентінің арнаулы өкілі сыр өңіріне келді

14.06.2024

1295

0

Франция Президентінің арнаулы өкілі Б. Помпили Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Жалағаш ауданында орналасқан «Total Eren» күн электрстанциясымен танысты.

Жалағаш кентінің шығыс жақ бөлігінде жаңартылған энергия көздерін өндіру мақсатында 28 МВт күн сәулесінен энергия өндіретін электр станциясын салынып, пайдалануға берілді.

Жобаның бастамашысы «Nomad Solar» ЖШС.

Аталған жоба Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығымен «Жаңартылған энергия көздерін пайдалану жоспарына» енгізілген.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында кент аумағынан 164 га жер учаскесі табысталды. Күн электр станциясының құрылысы 70 га жер учаскесіне орналасқан.

Жобаның жалпы құны 19,0 млрд. теңгені құрайды.

2018 жылдың маусым айында «28 МВт күн сәулесі электр станциясын салу» жобасы бойынша Европалық даму банкі атынан «ЭкоСоциоАналистс» компаниясымен тұрғындар арасында әлеуметтік және экологиялық әсерін бағалау жұмыстары жүргізілді. Жыл мезгіліне қарай күнделікті 100-280 МВТ/сағат электр энергиясын өндіруде.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 10 шілдесінде жобаның қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша ашық түрде қоғамдық тыңдау өткізіліп, қолдау тапқан.

Аудан үшін үлкен маңызы бар жобада қазіргі таңда 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жергілікті бюджетке жылына 47,0 млн. теңге көлемінде салық түсіруде. Бұл жоба ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: