Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Заңы өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды. Сондай-ақ егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi – мемлекеттің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң адам денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оларды болдырмау. Улы химикаттарды пайдалану кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы Өсімдіктерді қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы№247 бұйрығының талаптарын сақтау қажет.
Улы химикаттарды арнайы фирмалардан сатып алу, химиялық өңдеу жұмыстарын арнайы лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларға жасату, қоршаған ортаға қауіпсіз арнайы сақтау орындарда сақтау, улы химикаттың қалдықтарын немесе бос ыдыстарын арнайы залалсыздандыру жүргізуді рұқсаты бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыруы тиіс. Улы химикаттардың қоршаған орта мен адамдарға және жан-жануарларға қауіпсіздігін бақылау мақсатында аудандық аумақтық инспекциясы фитосанитариялық бақылау жұмыстарын тұрақты жүзеге асырады.
Б.АҚБЕРГЕНОВ,
ҚР АШМ АӨК МИК
аудандық аумақтық инспекциясының
бас маман-өсімдіктерді қорғау және
карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!