Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 06:59

Елдің мәселесі ескерусіз қалмайды

02.07.2024

371

0

Өткен аптаның бейсенбісінде тілшілік тіршілігіміз Аққыр ауылынан басталды. Әдеттегідей аудан әкімі Ардақ Ибраимов халықпен кездесіп, алдымен атқарылған жұмыстарды саралап, ауыл тұрғындарының талап-тілегіне құлақ түрді. Ауыл кент орталығынан шалғайда орналасқан, десе де аудан басшысының тікелей қолдауымен мұнда жарқын жобалар жүзеге асуда. Бұдан қарапайым халықтың талап-тілегі назарға алынғанын аңғаруға болады.

Аққырда аяқсу мәселесі өзекті

Иә, мыңнан астам халқы бар Аққырда биыл да еңселі жобалар жүзеге асып, ел еңсесін тіктемек. Мәселен, ауыл азаматы, «Аман құрылыс» ЖШС басшысы Әділхан Маштаевтың демеушілігімен биыл елді мекеннің кіреберісіне жоба құны 8 млн теңге болатын арка орнатылмақ.
Ауыл әкімінің айтуынша, былтыр да, биыл да ауылда ел қажеттілігіне жарайтын жарқын жобалар жүзеге асып, бүгінде аққырлықтар оның игілігін көріп отыр. Ауыл тұрғындары есепті кездесуде ең алдымен аяқсу мәселесін көтерді.
Иә, халықтың аяқсу мәселесін ашынып көтеретін реті де жоқ емес. Себебі Аққырда да Жаңадария секілді басқа ауыл­дардай күріш алқаптары жоқ, десе де бұл ауылдың кезінде мал шаруа­шылығымен аты елімізге мәлім бол­ғанын жақсы білеміз. Алайда алып шаруашылықтар құ­рыл­маса да ауылдағы ағайынның бақша салуына жағдай жасалу керек.

Спорт кешені бой көтереді

Аққырда бүгінге дейін шешімін таппаған бір мәселе бар, ол – ауылдық клубтың жоқтығы. Қазіргі таңда ауылдағы мәдениет саласының қызметкерлері көне нысанда күнелтіп отыр. Аудан әкімімен өткен кездесуде жергілікті халықтың көтерген басты мәселесі де осы болды. Алайда бұған қатысты арнайы жоба да әзірленген. Алдағы уақытта қаржы­лай қолдау тапса, Аққырда жалпы құны 325 млн 586 мың теңгені құрайтын 100 орындық ауылдық клуб бой көтереді.
Мәдениет саласына жағдай жа­са­ған дұрыс, кезінде осы аядай ға­­на ауылдан қаншама өнер адам­­да­ры шыққанын жалағаш­тық­­тар жақ­сы біледі. Тіпті бір жыл­да­ры өнер адамдарының респуб­ли­калық, облыстық сайыс­та­рында ауылдың қарапайым механизаторлары мен сауыншылары бас бәйгені еншілегенін үлкендер айтып отыратын.
Аққырға бұл жолы аудан басшы­сы жақсы жаңалығымен келді. Ай­туын­ша, биыл Аққырға ауыл­­дық клуб салынбаса да, «Қа­зақ­стан халқына» қорынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құ­­ры­­лысына қаржы бөлі­ніп, ел игі­лігі үшін жаңа нысанның іргетасы қаланады. Аудан басшысы тұрғындарға осы жобаның басы-қасында болып, сапасын жіті бақылауда ұстау қажеттігін қаперге салды. Сон­дай-ақ типтік жобада салынатын спорт кешені мәдениет үйі де бола ала­тынын, алайда ең алдымен ауылда инфрақұрылымды жақсарту қажеттігін тілге тиек етті.
Жалпы ауылда 6 ішкі көше бар, оның бүгінде бесеуіне жарық жүр­гізілген. Былтыр ауылдың ішкі жол­дарын жөндеу мақсатында 5 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжат әзірленіп, қар­жыландыруға ұсынылған.
Айта кетейік, шалғай ауылда кә­сіп­керлік саласы да шираған. Мә­селен, осыған дейін Аққырда 84 кә­сіпкерлік субъектісі тіркелсе, бү­гінде оның барлығы 100 пайыз жұ­мыс жасап тұр. Былтыр жастар бағ­дарламасы бойынша 1 азамат кәсіп бастаған. Мұнан бөлек 5 адам­ның жобасы шағын кәсіп бастау үшін қайтарымсыз қаржылай қолдау тап­қан. Ал биыл мал шаруашалылығы бағытында 3 адам мемлекеттен қай­­та­рымсыз грант алса, 2 азамат құ­жат дайындауда. Бұл ауыл тұрғындарын кәсіппен айналысуға үндеу мақ­­са­тында түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп жатқанын көрсе­теді.
Қабылдауға келген адамды «Құдайыңа бар» деп қуып шыққан

Кездесу соңында ауыл ақса­қал­дары Ардақ Әбдіғаппар­ұлының ал­дағы жұмысына сәттілік тілеп, ба­тасын берді. Бүгінге дейін жасаған жұ­мы­сына оң баға беріп, аудан бас­шысына алғысын жаудырған аққыр­­лықтар ауыл әкімін қатаң сынға алды. Кездесуге келген тұр­ғын­­дар арасынан «ауыл әкімі ор­нын босатсын» дегендер де табылды.
Аққыр­лықтардың бұлай ашу­­лануы­на себеп ауыл әкімінің қа­ра­пайым халықты алалап, дөрекі мінез көрсетуінде екен. Тұр­ғындардың бірі ауыл әкімінің қа­былдауына барамын деп таяқ жеп, бір ай үйінен шыға алмай қалғанын да жеткізді. Айтуынша, ауыл әкімі оны мекемеден «Құдайына бар» деп қуып шыққан. Бұл мәселеге бейжай қара­маған Ардақ Әбдіғаппарұлы мәселені заң жүзінде шешетінін жеткізді.
– Кешеден бері 7 ауылда болдық, бүгінгі сапарымыз сіздердің ауылдан басталып жатыр. Мақсат сол, елдің ішінде қандай мәселелер бар, оның шешімі қалай, осы сауалдардың түйінін өздеріңізбен бірге тарқату. Бірақ барлығын бір уақытта шешіп бе­ремін деп өтірік уәде беруден аулақпын. Алдағы уақытта барлығын қаражаттың мүмкіндігіне қарай ше­шуге жұмыс жасаймыз. Бірақ елдің мәселесі ескерусіз қалмайды, – деді аудан әкімі.

Жаңаталаптықтардың мәселесі жерде қалмайды

Шалғай ауылдардағы аудан әкімі­нің сапары Жаңа­та­лапта жалғас­ты. Білім ошағында жиналған жұрт­қа Ардақ Әбдіғаппарұлы ау­данда ат­қарылған біршама жұмыс­тарды айтып өтті. Сондай-ақ ал­дағы уақытта да елді мекендер мә­се­лесін шешуге тиісті жобалар қолға алынатынын айтты. Сондай-ақ жаңа­талап­тық­тардың мәселесі жерде қал­майтынын жеткізді. Айта кетейік, ауылда 800-ге жуық халық бар.
– Ауылдық клубтың ғимарат мә­селесін білемін, алдағы уақытта оның шешіміне жұмыс жасаймыз. Бі­рақ «бүгін-ертең шешіп беремін» деп те кесіп айта алмаймын. Десе де мәселелеріңіз назарда. Өнерлі әже­лер, жастар жүйелі жұмыс жасап отыр­ған руханият орталығының мә­се­лесі ескерусіз қалмайды, – деді аудан әкімі.
Жасыратыны жоқ, бұған дейін есеп­ті кездесулерде жаңаталап­тық­тар су мұнарасын жаңарту мәсе­ле­сін көтерген болатын. Аудан әкімі тұрғындарды елді мекеннің басты мәселесіне айналған ескі су мұнарасын жаңарту жобасы де­меушілік есебінен қолдау тапқанын айтып, халықтың талап-тілегі кезең-кезеңімен орындалатынын жеткізді.
Былтыр ауылға кіреберіс жол бойынан 1 млн 715 мың теңгеге арка орнатылған. Ауылда 3 ішкі көше бар, оның екеуіне асфальт, 1 кө­шеге қиыршық тас төселген. Жер­гілікті халық бүгінде кәсіпкерлік са­ласына ден қоюда. Ел арасында іс бастауға деген талаптың болғаны қуантады. Себебі ол шалғай ауыл­дың шаруасының ширауына, келесі кезекте жұмыссыздықты тұсауға да айтарлықтай қолғабыс болары анық. Мәселен, осыған дейін елді ме­кенде 48 кәсіпкерлік субъектісі тір­келген. Бүгінде оның барлығы жұмыс жасап тұр. Былтыр 1 жоба мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапса, 2 жоба қайтарымсыз қаржылай қолдауға ие болған. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1 аза­маттың жобасы қаржылай қолдау тауыпты. 3-еуі мал шаруашылығына бағытталса, 1-еуі пластик терезе өн­діруге негізделген. Ал биыл 1 азамат жылқы ұстап, саумал сату үшін қайтарымсыз грант ұтып алса, 1 кәсіпкер мал шаруашылығы ба­ғытында төмен пайызбен несие алған.
Алдағы уақытта Жаңаталапта үлкен өндіріс орны жұмысын бас­тайды. Жас кәсіпкер Серікбол Әбді­керов құс фермасын ашуды жос­парлап отыр. Бұл бір жағынан салаға серпін берсе, келесі кезекте қаншама ауыл азаматының жұмыс табуына сеп болады.
Ауылда биылғы жылдың еншісін­дегі балалар ойын алаңын салатын жеңім­паз мердігер анықталып, құры­лы­сы бас­талуда. Сондай-ақ көше бо­йына тал егу үшін қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Бірлігі бекем,
тірлігі тиянақты

Үшінші аялдамамыз – Мақ­пал­көл ауылдық округі. Бұл ауылға мем­лекет және қоғам қайрат­кері Темірбек Жүргеновтің есімі бе­ріл­геніне де он жылдай болды. Қазіргі таңда елді мекенде 300-ден астам отбасы бар. 1800-ден астам халық мекен еткен қайраткер атын­дағы ауылда тындырымды тір­лік жетерлік. Былтыр Темірбек Жүр­геновтің 125 жылдығы аясында елді мекеннің еңсесін тіктейтін бірқатар екпінді жоба жүзеге асты.
Әдеттегідей аудан әкімі алдымен халықпен кездесіп, талап-ті­легін тың­­дады, алдағы уақытта ат­қа­ры­ла­тын жұмыстарды саралады. Ау­дан бойынша ауылдық округтердегі көлемді жобалардың бірі Т.Жүр­генов ауылында жасалуда. Бү­гінде елді мекеннің тұр­ғын үй секторының инже­нер­лік-коммуника­циялық инфра­құрылымының құ­ры­лысы қарқынды жүргізілуде. Жо­баның сметалық құны – 423,871 млн теңге. Оның ішінде құрылыстың сметалық құны 288, 542 млн теңгені құрайды, ал басқа жұмыстар мен шығындар 68, 923 млн теңгені құраған. Желінің ұзындығы ВЛЗ-10 кВ 7 729 м, КЛ-10 кВ 200 м, ВЛИ-0,4 кВ 20 271 метрді құрайды. 6 айда Т.Жүргенов ауылының тұрғын үй секторын электрмен жабдықтау жұмыстары толық аяқталады. Ау­дан әкімі Ардақ Ибраимов барлық елді мекенде тұрғындар көтерген мәселелерді уақытында шешуге жұ­мыс жа­сайтынын жеткізді.

Шаруасы шираған

Ауыл халқының негізгі тіршілік көзі – егін және мал шаруашылығы. Бұған дейін Сыр салысынан мол астық жиған жергілікті шаруашылықтар был­тырдан бері бақша өнімдеріне басымдық берген. Мұнан бөлек бір­неше гектарды құрайтын ауыл­дағы алмабақ өнімдері бүгінде еліміз бойынша үлкен сұранысқа ие.
Жалпы қайраткер атындағы ауыл­­да жұ­мыс­сыздық деңгейі 2,4 пайызды құ­райды. Әлі де төмендету үшін ауыл әкімі тиісті жобалар қолға алы­натынын айтады. Бауыржан Тұң­­ғыш­баев кәсіп бастаймын де­ген жерлестерін сүйемелдеуге дайын екен. Бүгінде ауылда жүзге жуық кәсіпорын бар. Тіркелген кәсіп­керлік субъектісінің қазіргі таңда 99 пайызы жұмыс жасап тұр. Бұрын елді мекенде тек егін және мал шаруашылығында жергілікті тұр­ғындар кәсібін дөңгелентсе, бү­гінде сала түрленген. Осыған дейін екі ауыл тұрғыны кәсіп бастауға бел буған. Алайда оларға шаруасын ширатуға қолдағы азғантай қаражат қолбайлау болған. Осылайша екеуі де мемлекеттік грантқа өтінім береді. Нәтижесінде комиссия мүшелері қос жобаны да қаржылай қолдауға лайық деп тауыпты. Қазіргі таңда екеуі де ауыл халқына сапалы қызмет етуде. Оның бірі Гүлшат Мырзалиеваның шаштаразы болса, келесісі – Гүлжан Төкештің компьютер орталығы.
– Ауылда кәсіпке бет бұрған азаматтар жетерлік. Бұл бір жағынан елді мекеннің еңсесін тіктеуге үлкен қолғабыс болып отыр. Бұрын іс бас­таған азаматтардың барлығы егін және мал шаруашылығы сала­сында жұмысын жүргізсе, бүгінде ауылда сала түрленген. Қазірдің өзінде Мақпалкөл ауылдық окру­гінде шаштараз, компьютерлік орта­лықтар халыққа сапалы қызмет етуде. Енді бұл азаматтар кәсібін кеңейтуге басымдық беруде. Егін және мал шаруашылығы саласынан өзге де кәсіпорындар өніміне ауылда сұраныс бар. Болмаса олар мұндай қадамға бармас еді, – дейді ауыл әкімі Бауыржан Тұңғышбаев.
Жалпы жергілікті тұрғындар кә­сіп ашуда мемлекет жасап жат­қан барлық мүмкіндікті тиімді пайда­ланып отыр. Кәсіпкерлік саласына серпін беруге бағытталған қандай бағдарлама бар, басым бөлігіне ауыл тұрғындары құжат тапсырып, шаруасын ширатуда. Былтырдың өзінде ауылдағы бірнеше аза­мат грантқа құжат тапсырып, қайта­рымсыз қар­жыға ие болған.
Былтыр бұл ауылда мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Туған жерінде де мерейтой иесінің 125 жылдығына орай бірнеше жоба қолға алынған. Солардың бірі – Темірбек Жүргенов атындағы саябақ. Бұл жобаға қазынадан 60 млн 444,9 млн теңге қаралған. Саябақ құрылысы да қар­қынды әрі сапалы жүргізілген. Жергілікті тұрғындардың бұл жерді жасыл желекке айнал­дырудағы құл­шы­нысын баба ру­хы­на тағзым, бір жағынан құрмет деп түсіндік.
Қайраткер атындағы ауылда мұнан өзге де жобалар жоқ емес. Бастысы, алдағы уақытта ел игілігін көрсе болғаны. Ауылда қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов атындағы көше де бар. Ұзындығы 1,1 шақырымды құрайтын ішкі көшеге былтыр жай жөндеу жұмыстары жүрді. Оған қазынадан 15 млн 229 мың теңге қаралған.
Жалпы қай саланы алып қара­сақ та өрлеу бар, өсу бар, даму ди­намикасы тағы жақсы. Әсіресе жер­гілікті шаруашылықтар мол астықтан тау тұрғызып, жыл сайын рекордтық өнімге қол жеткізуде. Олар бүгінде егінді әртараптандыруға басымдық берген. Аяқсу мәселесі қат болып тұрған шақта бұл бастама ақыл­ға қонымды. Мақпалкөлде 1 серік­тестік, 10 шаруа қожалық егін ша­руа­шылығымен айналысады. Жал­пы Әліби Бекжановтың елім деп қолға алған жобаларының игілігін бү­гінде жергілікті халық көріп отыр. Бұған дейін ол ауылға жалпы құны 15 млн теңгеден асатын балалар ойын алаңын салып берген еді. Қазір ауыл балаларын іздесеңіз, сол жерден табасыз. Мұнан бөлек бірнеше отбасына үй салып берді. Ауылдағы алтын ұяда білім алып жатқан жас­тардың ішінде озат оқушыларға шәкіртақы төлейді. Тізе берсек, Әліби Бекжановтың ауылға жасап жатқан жобаларын жазуға көп уақыт кетеді. Бастысы, оның барлығы бүгінде елдің игілігіне жарап тұр.
Ауылда мал шаруашылығы да қарқынды дамыған. Бүгінде Темірбек Жүргеновте мал ша­руа­шылығымен айналысатын кә­сіп­кер­лерде 545 бас мүйізді ірі қара, 206 бас жылқы мен бірнеше түйе бар. Ал ауылдық округтің жеке отбасыларында 1903 бас мүйізді ірі қара, 512 жылқы, 4114 уақ мал, 40 түйе бар.
Жалпы ауыл халқы қай істе де ауызбіршілікті, ынтымақты ту етеді. Біз айтып отырған жобалардың сәтті жүзеге асуына да басты себеп осы ма дедік. Шаруасы шираған ауылда береке бар, тындырымды іс бар, бірлігі болса да мығым.

Тұралаған мәселенің түйінін тарқатты

Халықтың ұсы­ныс­­ын тыңдауға негізделген келе­лі кездесу Мә­де­ниетте жалға­с­ты. Әдеттегідей ау­дан бас­шысы ауыл тұр­ғындарына атқа­рыл­ған жұ­мыс­тарды саралап, мәселелерін назарға алды.
Айта кетейік, ауылда 1930 адам бар. Елді мекендегі жұмыссыздық деңгейі 1,5 пайызды құрайды. Мә­дениетте 137 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Бүгінде оның 108-і ғана нақты жұмыс жасап тұр. Был­тыр 2 ауыл тұрғыны кәсіп бастау мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында төмен пайызбен несие алған. Ал 18 тұрғын қайтарымсыз грант алып, жұмыс жасауда. Ал биыл 4 ауыл тұрғыны қайтармсыз грант иегері атанып, кәсібін бастауда. Кәсіпкерлердің барлығы дерлік ауыл­да мал шаруашылығын дамыту ба­ғытында жұмыс жасауда.
Елді мекенде 11 көше бар. Оның 9-ы асфальтталған. Ал 2 көше күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Кездесуде тұрғындар жұмыссыз­дық, қылмыс­тың ал­­дын алу туралы мә­­селе қоз­ға­ды, аудан әкімі са­ла бас­шы­ларына тап­сыр­ма­лар беріл­ді. Ау­дан әкі­мі тұрғындарға елді ме­кеннің не­гізгі мәселесіне ай­налған ескі су мұ­на­расын жаңарту жобасы де­­меу­шілермен қолдау тапқанын жет­­­кізді. «Көш жүре түзе­леді» де­мек­ші, елді мекендердің ахуалы бас­қа ай­мақ­тардан көш ілгері. Теп-те­гіс жо­лы, мек­теп, балабақша, кә­сіппен ай­на­­лы­самын дегендерге қолдау, бәрі-бә­­рі ауыл халқының игілігіне жарады.

Құрылыс жұмыстары
қарқын алмақ

Есепті кездесу Мырзабай ахун ауылында жалғасты. Ауылдық ок­руг­те 1250-ге жуық халық бар. Қуан­тар­лығы, бүгінде жергілікті ха­лық­тың кәсіп ашуға ынтасы арт­қан. Әсіресе ахун атындағы ауыл тұр­ғындары бұл мақсатта мем­ле­кеттік бағдарламалардың қол­дауын тиімді пайдаланып отыр. Нақтырақ айтсақ, шағын ауылда бүгінде 74 кәсіпкер бар. Оның 73-і нақты жұмыс жасап тұр. Қуантарлығы, бүгінде ауылда осыған дейін тұ­ра­лаған мәселелердің алды ше­шімін тапқан. Мәселен, ауыл­да 5 ішкі көше бар. Оның 3-іне ас­фальт төселген. Ал 2-і күрделі жөн­­деуді қажет етеді, яғни алдағы уақытта Жаңақоныс пен Кенжебек Оспа­нов көшелеріне де асфальт төселеді.
Былтыр ауылға жалпы құны 385,9 млн теңгені құрайтын емхана са­лынды. Сондай-ақ алдағы уақытта қаржылай қолдау тапса, ауылда мә­дениет үйі де бой көтереді. Бұған қатысты жасалған арнайы жоба да дайын. Сондай-ақ тұр­ғын үй секторының электр же­лілерінің құрылысы жаңартылып, Жа­ңақоныс көшесін жарықтандыру және ауылдың кіреберісіне камера орнату жұмыстары жүргізіледі. Міне, Мырзабай ахун ауылының бүгінгі тіршілігі осындай. Елдің ауызбіршілігі мығым, кәсіп ашуға жер­гілікті тұрғын­дардың талабы таудай.

Келбеті келіскен
Қаракеткен

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов сол күні Қаракеткен халқымен де жүз­десті. Ауылға кіреберіс жолға түс­кеннен көзіміз жаңа зәулім арка мен ауыл төлқұжатына түсті. Мұ­нан ел­­ді мекенде тындырымды тір­лік ба­­рын аңғара қойдық. Ауыл тұр­ғын­дарының барлығы дерлік қы­зы­ғу­шылық танытып, кездесуге жи­налған. Аудан басшысы халықпен та­нысып қана қоймай, алдағы уа­қыт­та атқа­рылатын жұмыстарды қыс­қа­ша атап өтіп, жергілікті халық­тың үні­не құлақ түрді.
Қаракеткенде бі­раз мәселенің шешімі табылған. Қос елді мекенді қамтитын ауыл­дық округте ауыз су жүйесі жаңар­тылып, бүгінде ел игілігіне берілген. Мыңнан аса халқы бар елді мекенде Сыр салысын себетін егіс алқабы болмағанымен мұнда ха­лық кәсіп ашуға бейім. Мал шаруа­шылығын дамытуға ден қой­ған ауыл тұрғындары кәсіптің бұл тү­рінен табысын еселеп отыр. Бү­гінде 5 адам атакәсіпті қолға алған, ауыл хал­қын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған «Фариза», «Жанжаз» жеке сауда орындары жұмыс жасап тұр. Қазіргі таңда ауылда ел игілігіне ба­ғыт­талған бірқатар жоба жүзеге асуда. Мәселен, елді мекенде тұр­ғын үйлер секторының электр же­лілері бойынша «Универсал Строй Сервис» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген. Бүгінде Дал­дабай елді мекенін қосқанда 12 көшені күрделі жөндеуге және дәрі­герлік амбулатория құрылысын са­луға жоба-сметалық құжаттар әзір­леніп, республикалық және об­лыс­тық бюджеттен қолдау тапқан.
Аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы елдің әлеуетін жақсартатын жар­қын жобалар алдағы уақытта жал­ғасын тауып, халық игілігін көре­тінін жеткізді. Кездесуде Ар­дақ Ибраимов тұрғындарға ауыл әкімі, мектеп директоры, ауыл­дың тәртібіне жауапты учаскелік полиция инспекторы сонда тұруы қа­жеттігін ескертті. Қызметкерлер то­лық жұмыс орнында болмаған жағ­дайда тиісті шаралар көретінін тілге тиек етті.

Көгілдір отынның
игілігін көреді

Келер жылы екі ауылдық ок­ругті газға қосу жұмыстары жоспар­лануда. Бірі кент іргесіндегі Ақсу ауылы болса, екеншісі – Мөрәлі Шәменов ауылы. Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың сапары осы қайраткер атындағы ауылда жалғасты. Аудан басшысы бастаған топ әдеттегідей ауыл халқының алдында тікесінен тік тұрып, халықпен етене танысып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ тұрмыс түйткілдеріне қатысты қойылған сауалдары мен шешімін таппай жүрген мәселелері бойынша бірқатар сұраққа жауап берді.
Өңірде ауылдық округтердің ішкі жол мәселесі оңтайланып, толық­тай жаңартылып келеді. Ауыл­да 12 ішкі көше бар. Оның 10-ына ас­фальт төселген. 2 көше күрделі жөндеуді қажет етеді. Ең бастысы, ауылда халықтың маңызды өмір сүру қажеттіліктері толықтай бір жүйеге келтірілген. Ауызсу 100 пайыз үйді-үйге жүргізілген. Әрине, ауыл халқының ең басты сұрағы елді мекенді газдандыру жұмысы бол­ды. Бұл жөнінде әкім де қалың жұртқа жақсы жаңалығымен келген. Ардақ Әбдіғаппарұлы М.Шәменов елді мекенін газдандыруға облыстық бюджеттен 20 млн теңге бөлінгенін, яғни жұмыстар басталғанын жеткізді.
Елді мекенді дамыту мақсатында демеушілер есе­­бінен атқарылып жатқан жаңа жо­­балар да жоқ емес. Мәселен, соның бірі «Mega-Агро» ЖШС-ның қолдауымен 5 млн теңгеге мәде­ниет үйіне 200 дана орындық орна­тылған. Сондай-ақ ауылда мал шаруашылығы да кең қанат жайып, ауыл шаруашылығымен айна­лы­са­тын кәсіпкерлер қатары артқан. Мә­селен, ауылда 60 кәсіпкерлік субъек­тісі тіркелсе, оның 59-ы жұмыс жасап тұр. Биыл 2 ауыл тұрғыны қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелентіп отыр. Қазіргі таңда М.Шә­менов ауылына кіреберіс авто­мобиль жолына күрделі жөндеу жұ­мыс­тары жүргізілуде.

Кентте келелі
мәселелер қаралды

Ауданға қарасты 14 ауылды аралап, халықпен кездескен аудан басшысы ел алдындағы есеп беру сапарын аудан орталығындағы «Ру­ханият» орталығында қорытынды­­лады. Биыл кентті абаттан­ды­ру ба­ғытында бірқатар жұмыс атқа­ры­луда. Мәселен, кентте бүгінде «Руханият» орталығының ір­гетасы қаланып, құ­рылыс жұмыс­тары басталды. Қазіргі таңда «Ақ­те­рек» мөлтек ауданынан 300 орындық мектеп құрылысын салу қолға алынуда.
Жалағаш кентінде орналасқан мемлекеттік мекемелерді газдандыру мә­селесі түбегейлі шешілуде. Биыл аудандық жұмыспен қамту жә­не әлеуметтік бағдарламалар бө­лімін және кент әкімі аппа­раты ғима­ра­тының жылу жүйесін табиғи газға қосу, №246 орта мек­теп ғимараты мен №123 мек­теп-ли­цейі ғимаратының бу қазандығын газбен ауыстыра отырып ре­кон­ст­рукциялау жұмыстары жаса­лады. Тұрғындардың әлеуметтік жа­ғынан осал топтарына тұрғын үй қорынан 100 тұрғын үй сатып алуға арнайы республикалық бюджеттен қаржы қаралды.
Кент тұрғындарымен кез­де­су­­де қозғалған мәселелер бо­йын­­ша аудан әкімі 11 көшенің жо­ба-сме­та­лық құжаты дайын тұр­ғанын жеткізді. Кент ор­талығын абаттандыру жо­басы қаржыландыруға ұсынылған.
Кездесуде көтерілген барлық мә­селені толық шешуге жүйе­лі жұмыс жасайтынын айтқан аудан әкімі Ардақ Ибраимов кез кел­ген уақытта тұрғындар талап-тілегін тыңдауға дайын екенін жет­кізді. Жиын соңында кент тұр­ғындары елді мекендерді аралап, ха­лықпен жүздескен аудан әкімі Ардақ Ибраимовқа алғыс айтып, тың бастамаларына тілекші екенін біл­діріп, батасын берді.

Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: