Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 20:21

Ардагерлер бақ сынады

02.07.2024

371

0

Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектебінде Жалағаш ауданының 85 жылдығына орай Еңбек, тыл ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері арасында спорттық шара өтті. Қазыналы қарттарымыз шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы спортнда бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған спорттық шараға кент және ауылдық округтерден 30 ардагер қатысты. Жарысты ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Кенжеғара Сүлейменов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс соңында өздерінің ептілігі мен ойларының жүйріктігін таныта білген қарияларымыз арнайы марапаттарға ие болды.
Шахмат ойыны бойынша I орынды Жарылқасын Абд­рах­мановқа бұйырды. Мұнан кейінгі орынға Бақыт­бек Жарасбаев жайғасса, Нұрлан Мұқашев үздік үш­тікті түйіндеді. Дойбы ойынынан I орынды Абдулла Тұ­ра­баев жеңіп алды. ІІ орын Бақыт Ахметоваға бұйырса, III орынды Қалдан Ахметбаев иеленді. Ал то­­ғыз­­құмалақтан I орынға Жақсыгүл Жылқышиева лайық деп танылды. Мұнан кейінгі орынға Дина Мирман жай­ғасты. Ал Төлеген Аштанбаева үздік үш­тікті түйін­деді.
Жүлдегерлерге диплом, ақша­лай сыйлық және қатысқан ардагерлерге сый-құрмет көрсетілді.
– Бұл сайысты әр жыл сайын асыға күтетіндердің бірімін. Ардагерді ардақтап, олардың арасында осындай спорттық сайыстар өткізгендеріне алғыс білдіремін. Бүгін замандастарымызбен көрісіп, қалжыңдасып, бір жасарып қалдық. Ұйымдастырушыларға рахмет, – дейді кент ардагері Дира Мирман.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: