Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 22:33

Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

02.07.2024

200

0

Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің шығармашылық индустрияны дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған.

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде білім алған. 2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясының қаржы және несие факультетінде, 2012-2015 жылдары ҚазҰУ-де халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратурада білім алған.

Қоянбаев бұған дейін президент телерадиокешенінің шығармашылық директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметтерін атқарған. 2021 жылы президент жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: