Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 22:37

480 бала демалыспен қамтылады

28.06.2024

209

0

Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл – жаз. Үш ай демалыста балалар асыр салып ойнап, бір демалып қалады. Мәселен, аудандағы «Ақтерек» жазғы тынықтыру лагерінің бір ауысымында 80 оқушы демалады. Биыл 6 ауысым бойынша 480 бала қамтылады. Осы орай да аудандық басылым тілшілері лагерьге атбасын бұрып, балалардың жағдайын біліп қайттық.

Бала кезімізден лагерь десе қызығатынбыз. 3 жыл қатарынан «Ақ­терекке» барғаным есіме түсіп, қы­зықты балалық шағымызды еске ал­дық. Лагерь – тек балалардың ты­нығып, сауық құратын мекені ғана емес, өскелең ұрпақ үшін маңызы зор тәрбие ошағы. Тоғыз ай бойы мектеп бағдарламасын оқыған оқушының ла­герде танымы кеңейіп, ойы бір адым болса да өрістейді. Жаңа достар та­бады, жаңа ортамен тіл табысып, қарым-қатынас жасауды үйренеді, бо­йын­да көпшіл мінез қалыптасады. Сон­дықтан ата-аналар балаларын жазғы де­малысында лагерге жібергені жөн.

«Ақтерек» тынығу лагеріне бала қабылдағанда әуелі ата-ана қам­қор­лы­ғынсыз қалған балалар, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасы, көпбалалы, толық емес және аз қам­тылған отбасының балаларына ба­сымдық беріледі.

Лагерде оқушылар 5 мезгіл та­мақ­­­танады, ойын ойнайды. Жұмыс жос­­парына сәйкес оқушылармен ау­дан­дағы мәдени орындарға сая­хат жа­сап, танымдық және рухани білім­де­рін толықтырады. Биылғы жазғы де­­малысқа балалардың жатын бөл­мелеріндегі төсек-орындары жаңар­тылып, асхана, медициналық кабинет жабдықтары толықтырылды.

– «Ақтерек» лагері 1999 жылы асар әдісімен салынған. Содан бері 80 орын­­­­дық лагерь жылда 6 ауысыммен жұмыс істеп келе жатыр. Қазір ла­герде 4 жатын ғимарат, 1 асхана, 1 медициналық бөлімше, 1 спорт алаңы және 1 бассейн бар. Мұнда оқушы­лар­дың жазғы демалысын қызықты өткізу үшін барлық мүмкіндік қарас­ты­рыл­ған. Жалпы тынығу лагерлерінің өз тәртібі, ережесі бар. Тынығушылар мұндағы әр күнін сол тәртіпке сәйкес өт­кізеді. Танымдық-логикалық, спорт­тық жарыстар өтіп тұрады, – дейді «Ақ­те­рек» сауықтыру лагерінің дирек­торы Нұржан Бақбергенов.

Сонымен қатар лагерьде бой сергіту, ой сергіту және танымдық бағытта түрлі ойындар ұйымдастырылады. Одан бө­лек сурет, қолөнер, робототехника, полиглот және өрт қауіпсіздігі үйірмелері жұмыс істейді. Н.Бақбергенов тыны­ғушыларды бел­гіленген күні бойынша Дәуімбай елді мекеніндегі орталық бассейнге және балалардың тарихи таны­мын кеңейту мақсатында Қорқыт ата ме­мо­риалдық кешеніне апаруды жос­парлап отқанын айтады.

Айта кетейік, бір ауысым 10 күнге созылады. Балалар жалықпас үшін әр күні әртүрлі тақырыптар аясында шаралар дайындалады. Мәселен, бүгін басты шара «Қайта өңдеу шебер­ханасы», қоқыс қалдықтарын өңдеу бойынша эко-челленджі ұйым­дас­ты­рылуда. Осы шаралар арқылы 5 топ­тың балалары жарысқа түсіп, балл жинайды. Ауысым соңында ең көп балл жинаған топ оқушылар үздіктері марапатталады.

– Мен жаз мезгілін қатты жақсы кө­ремін, әсіресе лагерьге жіберетін уа­қытты. Лагерде өте қызық, жаңа достар табамыз, түрлі ойындар ойнаймыз. Жетекшілеріміз де бізбен бала секілді ойнап, бар жағдайымызды жасайды. Үш ай демалысты тиімді өткізу үшін лагердің орны ерекше. Қазір келгеніме үш күн болды. Мүмкіндік болса келесі ауысымдарына да келгім келеді, – дейді лагерьдің кішкентай демалушысы.

Сонымен қатар лагерде жазғы маусым кезеңінде 6 ауысым бойынша, яғни 1 маусым және 15 тамыз аралығында мектеп педагогтары мен техникалық қызметкерлері жұмыс жасайды. Олар түрлі концерттік бағдарламалар мен спорттық ойындар ұйымдастырып, ба­­ла­лардың тыныштығын бақылап оты­рады.

Лагерге келген балалар әртүрлі ша­раларға қатысып, ой-өрісін дамы­тып, талай танымдық дүние­лермен танысады. Балалардың жаз мезгілінде денсау­лығының нығайып, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шы­ғармашылығын дамытып өсіру – бүгінгі күннің басты міндеті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: