Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Сәрсенбі, 05 тамыз, 11:23

ӘРБІР ДАУЫС – ҚОҒАМ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҮЛЕС

05.08.2026

6

0

Қазіргі таңда азаматтық белсенділік – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды алғышарттарының бірі. Елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу, маңызды шешімдерге бейжай қарамау және өз таңдауын жасау – әрбір азаматтың жауапкершілігін айқындайтын маңызды құндылықтар. Осы тұрғыдан алғанда 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауының маңызы ерекше.

Құрылтай сайлауы азаматтардың қоғамдық пікірді қалыптастыруға және елдің даму бағытына қатысты өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді. Әрбір азаматтың дауысы қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға, мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыруға қызмет етеді. Сондықтан бұл саяси науқанға қатысу – елдің болашағына қосылған нақты үлес.

Бүгінде Қазақстанда заң үстемдігін нығайтуға, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға және азаматтық қоғамды дамытуға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуы халықтың белсенділігіне және ортақ жауапкершілікті сезінуіне байланысты. Белсенді азаматтар – елдің тұрақты дамуының басты қозғаушы күші.

Әрбір сайлаушының таңдауы – Қазақстанның ертеңіне деген сенімнің белгісі. Сондықтан Құрылтай сайлауына қатысу арқылы әр азамат өзінің азаматтық ұстанымын танытып қана қоймай, қоғамның дамуына да өз үлесін қосады.

23 тамыздағы Құрылтай сайлауы – елдің бүгіні мен болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың маңызды таңдауы. Бірлігімізді бекемдеп, мемлекетіміздің тұрақты дамуына бірге үлес қосайық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: