Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 20:53

«Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті

03.07.2024

136

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалында партияның облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті.

Аталған жиынды партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова ашып, жүргізіп отырды.

Жалпы комиссия жұмысының нәтижесінде бүгінгі күнге мемлекет меншігіне аймақ бойынша 406 мың 200 гектар жер қайтарылды. Мұның ішінде Жалағаш ауданының үлесіне тоқталсақ, 2022 жылы аудан бойынша 53 мың 567 гектар жер, 2023 жылы 44 мың 615 гектар, ағымдағы жылдың 6 айында 3 мың 475 гектар жер қайтарылды. Бұл осы жылға жоспарланған 10 мың гектардың 34,7% құрайды.

Комиссия отырысында осы бағытта аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов есеп берді.

Аудан әкімі орынбасарының айтуынша ауданының жер қоры 2873640 гектарды құрайды. Биыл аудан бойынша 10000 га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтару межеленіп, арнай жоспарға сәйкес орындалуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 3000 га қайтарылуы тиіс болса, бүгінгі күнге жалпы көлемі 3475 гектар (оның ішінде тыңайған жерлер 224 гектар, жайылымдық 2724 гектар, басқа алқаптар 527 гектар) жер учаскесі мемлекет қорына қайтарылып, жоспар 115,8% орындалды»,- дейді аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов.

Мұнан бөлек, ауданда 2024 жылы мерзімі аяқталатын жалпы көлемі 4533 га құрайтын 29 жер учаскелеріне талдау жасалған. Бүгінгі күні ауылшарушылығы мақсатындағы жерлерді өз мақсатына сай пайдаланып отырған жалпы көлемі 2067 га құрайтын 15 жер учаскесі жаңа мерзімге ұзартылса, 87 га құрайтын 1 жер учаскесі мемлекетке қайтарылған. 2015-2023 жылдары жеке және заңды тұлғаларға табысталған
ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге мониторинг жүргізіліп, нәтижесімен жер учаскелерін өз мақсатына сай пайдаланбаған жалпы көлемі 1908 га болатын 16 жер учаскесі иеселеріне тиісті шара көру үшін Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған.

Жиын барысында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова мемлекетке қайтарылған жерлер халық арасында әділ бөлінуі мәселесіне тоқталды.

Айтуынша 2022-2024 жылдары Жалағаш ауданы бойынша қайтарылған 101 мың 657 гектар жердің бүгінгі күнге небәрі 2483 гектары қайта табысталған. Оның ішінде көбісі елді мекен мал жайылымына қосылған. Осы ретте «Жер аманаты» жобасы мақсаттарының бірі ауыл тұрғындарының жайылымға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелесін тілге тиек еткен Атқарушы хатшы аудан әкімінің орынбасарына бұл мәселелерге ерекше назар аударды атап өтіп, партияның аудандық филиалы басшылығына жерлердің әділ және ашық берілуіне бақылау жүргізуді тапсырды.

«Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысына «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері яғни, облыстық басқарманың сала өкілдері, аудандық прокуратура, аудандық партия филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және аудандық бөлім басшылары қатысты.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: