Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Жұма, 28 тамыз, 10:51

Жалағаш ауданы көлемінде «Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз» республикалық ақпараттық акциясы өтуде

28.08.2026

1

0

25-27 тамыз аралығында Жалағаш ауданы полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз» республикалық ақпараттық акциясы өтті. Акция барысында тұрғындарға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында қорғау нұсқасы барды мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар азаматтарға полиция органдарына, дағдарыс орталықтарына және тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну мүмкіндіктері түсіндіріліп, отбасылық жанжалдардың алдын алу және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу жөнінде ақпарат берілді.

Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілерге қажетті көмек көрсету тетіктері туралы ақпараттандыру.

Құқық қорғау органдары азаматтарды отбасындағы зорлық-зомбылыққа бейжай қарамауға, өз құқықтарын білуге және қажет болған жағдайда тиісті органдардан көмек сұрауға шақырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: