Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

35°C

, Бейсенбі, 27 тамыз, 14:58

Өнер ұлтты ұйыстырады, тәртіп елді бекемдейді

27.08.2026

3

0

Қызылорда қаласында ҚР Мәдениет саласының үздігі, талантты әнші-композитор Алтын Бекенованың шығармашылығына арналған «Әннен алқа тағайын» атты салтанатты кеш өтті. Өнер мен әуен салтанат құрған рухани шараға ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің жеке құрамы мен жас сарбаздары арнайы қатысып, ерекше әсер алды.

Кештің негізгі мақсаты – өнер иесінің көпжылдық шығармашылық еңбегін насихаттап, ұлттық өнерге қосқан үлесін дәріптеу. Шара барысында қала әкімі Н. Ахатовтың құттықтауы мен Алғыс хаты кеш иесіне салтанатты түрде табыс етілді.

Өнер ұлтты ұйыстырады, тәртіп елді бекемдейді

Концерттік бағдарламада композитордың елге кеңінен танымал «Қазақстаным», «Сыр – Алаштың анасы», «Нұр Астана», «Әкеме» сынды патриоттық әрі сыршыл әндері орындалды.

Ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында қызмет атқарып жүрген 5547 әскери бөлімінің сарбаздары үшін мұндай рухани кештердің маңызы зор. Өйткені «Заң мен тәртіп» қағидаты – тек құқықтық нормаларды сақтау ғана емес, ол қоғамдағы жауапкершілікті, өзара құрметті, отансүйгіштік пен азаматтық парызды терең түсінуден бастау алады.

Өнер ұлтты ұйыстырады, тәртіп елді бекемдейді

Ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды ұлықтаған кеш сарбаздардың патриоттық рухын көтеріп, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті. Жауынгерлер үшін бұл шара қызметтік міндетпен қатар рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеудің, ұлттық болмысты құрметтеудің жарқын үлгісі болды.

Шара соңы барлық өнерпаздардың орындауындағы «Қызылорда қаласынанбыз» әнімен қорытындыланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: