Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 20:42

Парламент мәжілісінің депутаттары ауылдық амбулатория жұмысымен танысты

04.07.2024

298

0

Бүгін Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Мырзабай ахун ауылында бой бөтерген дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Мырзабай ахун ауылында жоба құны 431,0 млн. теңгені құрайтын дәрігерлік амбулатория құрылысын«Бақ-Береке» ЖШС салды. Ғимарат ішінде тіркеу орны, аптекалық бекет, қабылдау, оқшаулау, физиотерапиялық емдеу, егу бөлмелері, лаборатория, архив, күндізгі емдеу стационары, жалпы тәжірибелік дәрігердің кабинеті бар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасалған.

Фракция мүшелері аталған елдімекенде қызмет жасап жүрген сала қызметкерлерімен кездесіп, ұсыныс тілектерін тыңдады.

Келелі кездесуге аудан әкімі Ардақ Ибраимов, аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Елеусінов Өмірзақ, аудандық ардагерлер кеңесінің ардагерлері, аудандық партия филаилының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Еркебұлан Мақсұтов қатысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: