Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «ШЫҰ плюс» саммитінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялық қақтығыстар әлемдік экономикаға айтарлықтай зиян келтіретінін тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы бұл өз кезегінде одан әрі даму перспективаларын тарылтатынын атап өтті.
ШЫҰ елдері экономиканың жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр, 4-тен 9% – ға дейін. ШЫҰ мемлекеттерінің жаһандық ЖІӨ-дегі үлесі қазірдің өзінде 30% -ды құрайды. Бүгінгі таңда қатысушы елдердің сыртқы саудасы 8 трлн доллардан асады. Бұл бүкіл әлемдік сауданың төрттен бірі, – деді Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы әлемдік қоғамдастық экономиканы декарбонизациялау бағытын жалғастыруы тиіс екенін және бұл мемлекеттердің дамуына нұқсан келтірмеуі қажет екенін айтты.
Бұдан өзге Президент биыл Қазақстанда бұрын-соңды болмаған су тасқыны туралы айтты және бұл жаһандық жылынудың салдары екенін жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!