Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 19:36

Мерекелік күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі қалай?

04.07.2024

486

0

Елорда күніне байланысты 6 шілде күні орталықтар жұмыс істемейді. Дүйсенбі күні, яғни 8 шілдеде азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Айта кетейік, 9 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-20:00 аралығында және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында, сенбі күні13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Орталықтарға кезекті «ХҚКО» және «eGovmobile» қосымшалары, egovkzbot2.0 телеграм-боты, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы брондауға болатынын ескерте кетейік.

Кезекші орталықтардың мекен-жайларымен https://t.me/gov4c_resmi/993 сілтемесіне өтіп, таныса аласыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: