Жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарының тіршілік ететін орны адам ағзасының ішегі , аурудың кейбір түрлерінің (сальмонеллез , паротит, іш сұзегі) қоздырғыштары ішекте көбейе тұра қанға немесе басқа органдарға тарайды. Жұқпалы ішек ауруларының тобын тырысқақ, қантышқақ , сальмонеллез, іш сүзегі құрайды. Адам ағзасына түскен ауру қоздырғыштары ең әуелі асқазнда кедергіге тап болады, асқазанда бөлінетін қышқылдың әсерінен микробтың біразы жойылады , жойылғаннан қалғаны ішекке өтеді. Арудың ауыр немесе жеңіл өтуі адам ағзасына түскен микроб санына, микроб енген уақыттағы адам ағзасының жағдайына тікелей байланысты. Ішекке өткен қоздырғыштар қолайлы жағдай болса көбейеді . Ауру қоздырғышы адам ағзасына қоздырғыш пен ластанған тамақ , су, лас қол арқылы жұғады . Ауру қоздырығышын аурудан жазылып келе жатқандар науқастар және ауру қоздырғышын тасымалдаушылар нәжіс, кіші дәрет және де басқа физиологиялық бөлінулер арқылы сыртқа шығады. Қоздырғыштар сүт және сүт өнімдерінде, ет пен ет өнімдерінде , суда малдың, адамның қиында құрғақ шаң тозаңдарда бірнеше ай бойы сақталады. Ет сүт өнімдерінде тек сақталып қана қоймай көбейеді. Сондықтан да кез келген уақытта сыртқы ортада кездесетін ауру қоздырғыштары сізді қапыда қалдыруы мүмкін. Сіздің уақытылы дәрігерге көрініп мамандандырылған ем алуыңыз , жеңіл ауырып және тез жазылуыңызға мүмкіндік жасайды.
Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!
ҚР ДСМ СЭБК « ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Жалағаш аудандық бөлімшесінің бактериологиялық және паразитологиялық зертханасының зертханашысы
Ералиева Гулмира
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!