Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 18:51

Атырау облысында жасөспірім суға батып кеткен

09.07.2024

75

0

Атырау облысының Индер ауданында үш тәулікке созылған іздестіру жұмыстарынан кейін 13 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылып, судан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 5 шілде күні Көктоғай ауылында болған. 2011 жылы туған бала достарымен бірге рұқсат етілмеген жерде жүзіп, суға батып кеткен.

«Баланың мәйіті іздестіру жұмыстарының үшініші тәулігінде табылды. Оны іздеуге ТЖД-ның 10 құтқарушысы, екі бірлік арнайы техникасы  және екі жүзу құралы тартылған. Айта кету керек, қазір Индер ауданындағы Жайық өзенінің тереңдігі – 16 м, ал ені – 200 м. Ағысы да өте күшті болғандықтан, аталған жерде шомылу маусымы әлі ашылмаған. Ата-аналарды қырағы болуға шақырамыз», делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: