Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 12:45

Балалардың отпен ойнауы қауіпті

21.07.2024

216

0

Әрбір ата-ана өз баласына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ата-ана жас балаларды отпен ойнауға әдеттендірмеу қажет. Мүмкіндік болса, олармен бір мезгіл өрттің зиянды құбылыс екенін әңгімелеп отырған дұ­рыс. Қазіргі уақытта көптеген өрт оқиғасы балалардың отпен ойнауынан, яғни сіріңке жағуынан орын алып отыр. Бұндай өрт оқиғалары өте қауіпті. Ол балалардың қатты жарақат алуына, кей кездері балалар өліміне әкеп соқтыруы мүмкін.

Осындай қатерлі оқиғалардың алдан алу үшін, ата-аналар бірқатар талапты орындауы керек. Балаларды үйде жалғыз қалдыруға, әсіресе құлып­таулы қалдыруға болмайды. Оларға жанып жатқан пешке, электр жылыт­қышқа, керосин лампасына қарауға тыйым салу керек. Балаларға электр пештерді, телевизор, маг­нито­фон­дарды қосуға рұқсат етпеңіз. Сондай-ақ сіріңкемен ойнауға тыйым салу керек және сі­ріңкені балалар ала алмайтын жерде сақтаған жөн.
Абай болыңыздар! Төсекте жатып шы­лым шегу, бұзылған немесе бақылаусыз электр құ­ралдары, отқа жете көңіл бөлмеу сияқты басқа да жағ­дайлар сіздің үйіңіздегі өрттің шығуына ықпал етеді. От­пен ай­на­лысқандарыңызда сақтық шараларын әр кезде ұмыт­паңыздар және оны қатаң сақтаңыздар.
Балаларды бақылаусыз қалдырмаңыздар, уақытылы пештерді, түтін жүретін жолдарды, электр сымдарын жөндеуден өткізіңіздер.
Өрт шыққан жағдайда 101-112-ге хабарлаңыздар.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: