Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 13:51

Қазақстан халқы тамыз айында қанша күн демалады?

21.07.2024

351

0

Тамыз айында ел тұрғындары Конституция күнін атап өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мерекесі.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, елімізде ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Сондай-ақ осы Заңда мемлекеттік мереке күні жұмыс істемейтін күн болып саналатындығы көрсетілген.

Биыл 30 тамыз жұма күніне тура келіп тұр.

Осыған орай, аптасына бес күн еңбек ететіндер үшін 30,31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс болса, алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер 30 тамыз демалып, 31-і жұмыс істеп, 1 қыркүйек қайта демалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: