Өрттердің шығу себептеріне келетін болсақ, автокөлік иелерінің өз дүниелеріне немқұрайлықпен қарап, қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр. Мәселен, Жалағаш ауданы аумағында 2024 жылғы 7 айда автокөліктерде өрт ( 3 жеңіл автокөлік) оқиғасы тіркелді. Салдарынан автокөлік иелеріне көптеген шығындар келді.
Құрметті автокөлік жүргізушілері осыған орай Сіздерге автокөліктерде өрттің және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында төмендегі шараларды орындауға ұсынамыз:
– электр тоқ жүйелері және қондырғылар зауыттан шығарылған болуы тиіс;
– қозғалтқыш мен поддон жанармайдан таза болуын қадағалап, майдың төгілуіне жол бермеу керек;
– автокөліктер (жеңіл автокөлік ОП-2, «Газель», «Раф» автокөліктері ОП-3, жолаушылар автобусы ОП-5 және алысқа қатынайтын жолаушылар автобусы ОП-5 2 дана) өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етілуі тиіс;
– автокөліктердің қосалқы есіктері еркін ашылуы тиіс;
– аккумулятордан электр ажырататын қондырғы (тумблер) ақаусыз жұмыс істеу керек.
– Жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік жүргізушісі минимумынан өтуі тиіс;
Автокөліктерде мыналарға тыйым салынады:
– қозғалтқышты ашық отпен қыздыруға;
– қолдан жасалған электр қондырғыларын пайдалануға;
– Жанармай құю станциясында жолаушыларды түсірмей жанармай құюға;
– Автокөлік ішінде темекі шегуге;
– Автокөлік ішінде жанармайдың бос ыдыстарын сақтауға немесе жинауға;
– Аккумуляторды автокөлік ішінде зарядтауға,
– Жанармай сақтау ыдысының аузын ашық қалдыруға;
– Қозғалтқышты бензин немесе дизель майымен жууға;
– Газ баллондарын тасымалдауға; (арнайы автокөліктен басқа)
– Ашық тұрғын немесе оқшауланбаған электр сымдарымен жалғағыштарды пайдалануға;
– Аккумуляторды және жанармай бағын белгіленген орыннан басқа орынға орналастыруға болмайды.
Маңдай термен жинаған дүниенің табан астында күлге айналуы қиын емес. Ал бәрінен де оның адам өміріне қауіпті екенін жадыңызға ұстаңыз.
Құрметті автокөлік жүргізушілері адам өміріне қауіп төндірмеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтайық. Өрт тілсіз жау екенін ұмытпаңыз. Өрт болған жағдайда 101, 112 нөмірлеріне хабарлаңыз.
Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!