Қазақстанда жыл сайын 600 әйел жатыр мойны қатерлі ісігінен қайтыс болады, сол себепті ұлттық вакцинация күнтізбесіне адам папиллома вирусына қарсы екпені енгізу өзекті проблема болып отыр Адам папиллома вирусының 100-ден аса типі бар, соның ішінде 14-і онкогенді саналады. Әсіресе, 16-шы және 18-ші тип – ең қауіпті, жатыр мойны обырына шалдығу ықтималдығы жоғары. Папиллома вирусы емделмейді, аурудың алдын алудың бірден бір жолы – вакцинация.
Адам папиллома вирусына қарсы екпе 130-дан астам елде қолданылады. Ал оның ішіндегі 86 мемлекетте екпе тек қыздарға емес, ұлдарға да салынады.
Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес «2023-2025 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар» шеңберінде жалпы Қазақстан Республикасы бойынша адам папиллома вирусына қарсы 11 жастағы қыз балалар арасында вакцинациясын енгізу жоспарлануда.
Вакцинация үшін бұл жастың таңдалуының басты себебі – вакцина алғашқы жыныстық қатынасқа дейін салынуы керек. Вакцина тегін салынады, бірақ ата-анасының келісімі керек. Вакцинация – тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс! Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% – дан астамға төмендетеді.
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда. АПВ вакцинасы 6 айлық аралықпен 2 рет егіледі. АПВ-ға қарсы 2 валентті вакцина 16, 18 типті антигендерінен және 4 валентті вакцина 6, 11, 16, 18 типті антигендерінен тұрады. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары.
- Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, екпе ата-аналардың ақпараттық келісімімен, тегін жүргізілетін болады.
Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы
Г.Айымбетова
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!