Ақтау қаласының тұрғыны Рабын Борашев 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын тамашалау үшін Франция астанасына велосипедпен барған, деп хабарлайды Egemen.kz.
5 мыңнан астам шақырымды екі айда жүріп өткен ақтаулық Рабын Борашевты ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев күтіп алған.
«Екі ай бұрын дайындалдым. Велосипедімді жаңарттым, бәрін жөндедім. Жолға шықтым, жолда визаға байланысты қиындықтар туындады. Бірақ соның өзінде Парижге жету үшін 8 елді басып өттік», деді Рабын Борашев.
Осынша шақырымды артқа тастап келген Рабын Борашев отандастарына қолдау көрсеткісі келген. Анықталғандай, ол 4 жыл бойы велосипедпен Қазақстан өңірлеріне саяхаттап, өзін жаттықтыраған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!