Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жексенбі, 24 қараша, 23:20

Көшпелі семинарлар ұйымдастырылды

27.08.2024

238

0

Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында мемлекеттік тіл саясаты және ономастика мәселелеріне қатысты көшпелі семинарлар өтті. Он күнге жалғасқан басқосуда басқарма мен оған қарасты Тілдерді оқыту орталығының жауапты қызметкерлері әкімдіктерде «Тіл туралы» заң талаптарының орындалуын зерделеп, көрнекі ақпарат, ономастика мәселелеріне орай әдістемелік көмектер көрсетті.

Іс-сапар барысында қала, аудан әкімдігіне қарасты бірқатар кент, ауылдық окруктердің жұмыстары зерделенді. Зерделеуге қамтылған ауылдық округ әкімдеріне мем­ле­кеттік тіл саясатын іске асыру жұмыстарына бағыт-бағдар беріліп, әкімдіктердің іс-қағаздарында орын алған кемшіліктерді жою, сауаттылыққа мән беру, есеп-қисап құжаттарында «Тіл туралы» Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Сонымен қатар көше атауы жазылған аншлагтар зер­деленіп, нәтижесімен тиісті әкімдіктерге көше аншлаг­тарын Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен үлгіде QR-код қосымшасымен бірге әзірлеу, көшеге есімі берілген тұлғаларға рұқсатсыз қойылған белгілерді алып тастау қажеттігі ескертілді.
Зерделеу жұмыстарының қорытындысымен қала, аудан орталықтарында аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл­дық округ әкімдеріне, мамандарына арнайы семинар өткізіліп, онда «Тіл туралы» Заңға және ономастика са­ласы бойынша басшылыққа алынатын құжаттарға енгі­зілген өзгерістер түсіндірілді.
Сондай-ақ ауылдық округ мамандары мен тұрғында­рының Тіл орталығы арқылы оқыту курстарына қамту мә­селесіне көңіл бөлу, мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы «emle.kz», «qujat.kz», «sozdikqor.kz», «termincom.kz», «til­qu­ral.kz», т.б. сайттарының көмегін пайдалану ұсыны­лып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: