Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жексенбі, 24 қараша, 20:53

Конституция құрдастары

30.08.2024

191

0

Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан аса полицей қызмет етеді. Ата заңымыздың құрдастары орда бұзар жасқа жақындады. Бүгінде олардың әрқайсысы түрлі жетістікке жетіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүр. Соның ішінде өңірлік Полиция департаментінде 142 полиция қызметкері мерекелік іс-шарада сап түзеді.

Бұл жас мамандар бүгінде мемле­кеттік қызметте еңбек етіп, еліміздің даму жолында өз іздерін қалдырып келеді. Оның арасында жас та болса бас болып, басшылық лауазымдарда жүргендері де аз емес. Конституциямен құрдас сақшының бірі – облыстық ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының басшысы, полиция капитаны Бек Шамил.

– Мен Ата заңымыз қабылданған жылы дүние есігін ашқан екен­мін. Еліміздегі басты құжат – Консти­туцияның төл құрдасымын. Бақытты балалық шағымды отбасымның ортасында алаңсыз өткіздім. Бұл елдегі тыныштық пен тәуелсіздіктің арқасы деп санаймын. Арманымды іске асыру бағытында ішкі істер саласына қызметке орналасып, бүгінде осы құрылым­ның қазанында қайнап, шыңдалып жүр­мін. Алдыңғы буын ағалардың жолын жалғап, жұмы­сымдағы жауап­кершілікті сезінемін. Мереке қар­саңында бар­шаңызды құттықтап, елі­мізге амандық тілеймін, – деді полиция капитаны Бек Шамил.

Рас, елдің негізгі заңы ел хал­қы­ның ерік-жігерін, олардың мемлекетті демократиялық, зайыр­лы, құ­қықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде құруға деген ұмтылысын көрсетеді. Айтулы мерекеге орай ер­лі­гімен, еңбегімен көзге түс­кен полицейлер де марапатталды. Ме­реке қарсаңында Түркістан облы­сының 180-нен аса тәр­тіп сақшысы марапатталып, қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің аналары мен жарларына да сый-құрмет көрсетілді.

Жиын бірінші кезекте қызметтік борышын атқару кезінде қаза тап­қан полицейлердің аналары мен жұбай­ларына сый-құрмет көрсетуден бас­талды. Жұлдызы ерте сөнген по­ли­цейлердің туыстарына естелік сый­лық­тар мен Алғысхаттарды облыс­тық полиция депар­таментінің басшысы Мұрат Қабденов табыс етті.

Мерекелік іс-шараларда ұмыт­пай, елеп-ескеріп, құттықтап, шақыр­ту жіберіп тұратын полиция бас­шы­лығына қаза тапқан полицей Мұхтар Дәуренбековтің жұбайы Дина­ра Жип­сыбаева алғысын жеткізді.

Сондай-ақ Конституция күні қар­саңында жеке құрамға Ата заңы­мыздың жалпы тарихы бейнеленген хроникалық-деректі фильм көрсе­тілді. Фильм Отанға сүйіс­пенші­лік, қызметтік борыш­қа адал­дықты қалыптастырып, қызмет­керлер­дің рухын көтеру мақсатында тү­сірілген. Деректі фильмді тамашалаған тәртіп сақшылары тәуелсіздік алған жылдан бүгінгі күнге дейінгі аралықта еліміз жүріп өткен жолдар, Ата заңы­мыз­дың орнығуы, үстемдігі туралы хабардар болды. Іс-шара соңы елімізге таны­мал өнерпаздардың ән ша­шуы­мен ұласты. Полицей әнші-өнер­лі қызметкерлермен қатар сахнада Нұр­жан Төлендиев, Бақытжан Мұста­фаев, «Семсер» тобының жігіттері ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов халық пен елге қызмет етуді өзіне азаматтық борыш санаған тәртіп сақшыларын марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, қызметте абырой тіледі.

Раушан НАРБЕК,

журналист

Түркістан облысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: