Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жексенбі, 24 қараша, 17:26

Биыл 68 шетелдік елден шығарылды

04.09.2024

179

0

Қызылорда облысында сот шешімімен 68 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Қызылорда облысының аумағына түрлі мақсаттармен 16 196 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды. Оның ішінде 15 960 азамат ТМД елдерінен болса, ал алыс шетелдерден 236 азамат тіркелген. 

Осы жылдың 8 айында жалпы 2 272 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 1497 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның 68-і сот шешімімен республика аумағынан алыстатылып, 5 жылға Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпегені үшін 755 Қазақстан азаматына әкімшілік шаралар көріліп, жеке және заңды тұлғаларға қатысты 18 млн 823 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, толығымен мемлекет пайдасына өндірілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: