Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама спортшылары алты салмақ бойынша бес алтын, бір күміске ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Аударыспақтан алтын жүлдегерлер:
Ермек Құралбай (60 келі),
Алмат Ләтіпбек (70 келі),
Дарын Өткелбай (80 келі),
Сырым Ізбасаров (100 келі),
Біржан Қосалиев (+100 келі).
Ал 90 келі салмақ дәрежесінде Есімхан Рахматіллә күміс жүлдеге ие болды.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2430 спортшы мен жаттықтырушы келді. Сондай-ақ Қазақстанға 100 мың турист келеді деп жоспарланып отыр.
Спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!