Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Жұма, 20 қыркүйек, 02:34

Қырғызстан көкпаршылары Қазақстан құрамасын қарымта ойынға шақырды

18.09.2024

183

0

Қырғызстанның Көкбөрү федерациясы Қазақстан көкпаршыларын 1 қарашада Ыстықкөл жағасында қарымта ойын өткізуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан Көкбөрү федерациясының басшысы Рамис Джунусалиевтың айтуынша, бұл ұсыныс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы спорт байланыстарын нығайтуға және адал ойынды қамтамасыз етуге бағытталған. 

«Біз даулы мәселелерді біржола жою үшін Қазақстан тарапына реванш матчын өткізуді ұсынамыз. Көрші елдің спортшыларына Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында болған құраммен ойынға келуді сұраймыз», деді Рамис Джунусалиев.

Еске сала кетейік, Астанада өткен Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Ұлттық құрама Қырғызстанның көкпаршыларынан басым түсіп, жеңіске жеткен еді. Бірақ ойын барысында ұлттық құрама спортшысы қарсыласын қамшымен ұрып, ойынның арты дауға ұласқан. 

Сонымен қатар марапаттау рәсімінде Қырғызстан құрамасының спортшылары күміс медальдарын бірден шешіп, сахнадан шығып кеткен еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: