Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жексенбі, 24 қараша, 02:07

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Бұқарбай батыр ауылына келді

23.09.2024

461

0

️АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың аумақтарға сапары жалғасуда. Бүгін Бқарбай батыр ауылына Штаб мүшелері Қ.Дәулетова,Б.Шілдебаев, С.Оспанова ,Ж.Әбсаттарұлы ауыл тұрғындарымен кездесу өткзді.


6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. АЭС құрылысына қатысты 6 қазанға белгіленген референдум Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Жиында Қ.Дәулетова АЭС құрылысы елдің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін, электр энергиясының тапшылығын шешетін және энергетикалық тәуелсіздіктің кепілі болатын серпінді жоба екенін атап өтті.


АЭС қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа жағдай жасайды. Электр энергияның тұрақты және қолжетімді тарифтері өндірістегі тиімсіз үстеме шығындарды азайтуға ықпал етеді. Ал бұл қадам қаражатты жаңа технологияларды енгізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттауға мүмкіндік береді. Таза жасыл атом энергетикасы 2060 жылы көміртегі салығы енгізілген кезде отандық тауарларымыздың шетелдік нарықта сәтті бәсекелесуіне жағдай жасайды деді- Б.Шілдебаев.


Кездесуде сөз сөйлеген штаб мүшесі С.Оспанова еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды. Ол халық санының жыл сайын артып келе жатқанын ескере отырып, энергетикалық ресурстарға деген сұраныстың да өсіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда энергия тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен ұлғайып келе жатқанын еске салып, егер бұл үрдіс жалғаса беретін болса, алдағы онжылдықтарда энергетикалық тапшылыққа тап болуымыз мүмкін екенін ескертті. Бұл мәселені шешудің бір жолы ретінде атом электр станциясын салу қажеттілігін ұсынамын деді.

Штаб мүшелерінен ақпарат алған азаматтар өздерінің пікірлерін ортаға салып, АЭС салуға оң көзқарастарын білдіруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: