Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сенбі, 23 қараша, 19:11

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Президент Жолдауын талқылады

30.09.2024

187

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «АЭС құрылысы: дамыған елдердің тәжірибесі және Қазақстан үшін перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай сөз бастап, 6 қазанда өтетін референдумның маңыздылығын айтты.

Баяндамашылар атом энергетикасының ел экономикасындағы орны, экологиялық және энергетикалық артықшылықтары талқылады. Студенттер мен оқытушыларға атом электр станцияларының тұрақты және қауіпсіз энергия көзі ретінде алатын рөлі туралы кеңінен ақпарат берілді.

“Атомдық энергия қазіргі уақытта ең тиімді әдіс болып табылады. Өйткені оның қазіргі жұмыс істеп тұрған жылу электр станцияларымен салыстырғанда энергетикалық тиімділігі ондаған есе жоғары және қоршаған ортаға зиянды заттар бөлмейді. Соңғы 3 жылда технологиялар дамып, барлық қауіпсіздік ережелері қамтамасыз етілген”, – деді профессор Нұрбол Аппазов.

   Айта кетейік, мемлекет басшысы Жолдауда 6 қазан күні жалпыхалықтық рефендум өтетін айтқан. Осы ретте оқу орнында, Жолдау көрсетілген міндеттер талқыланып, өзара пікір алмасу іс-шаралары өтті. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: