Бүгін аудандағы барлық референдум учаскесі ертемен жұмысын бастады. Әр участікке тиісті тұрғындар белсенділік танытып, өз дауыстарын беруде. Шалғай Аққыр ауылындағы №140 референдум участігіне келушілер қатары көп.
– Референдум әділ өтуде. Ешқандай кемшілік байқағаным жоқ. Қарап тұрсаңыз, тұрғындар да белсенділік танытуда. Мен де ауыл тұрғыны ретінде, Қазақстан азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Бастысы, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын, – деп бата берді ақсақал Самал Назаров.
«ЖЖ» ақпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!