Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жексенбі, 06 қазан, 17:39

Шаруашылық ұжымы өз таңдауын жасады

06.10.2024

50

0

Таң ауылындағы №136 референдум учаскесіндегі тұрғындардың қарасы қалың. Таңдағы ағайынның бұлай белсенділік танытуы тегін емес. Өйткені елдің, ауданның, ауылдың дамуы үшін өтіп жатқан референдумның маңызы зор екенін әрбір тұрғын жақсы біледі.

Республикалық референдум барысында «Таң ЛТД» ЖШС ұжымы да өз таңдауларын жасады. Бүтін бір ұжымның ауызбіршілікпен атсалысуы, ауыл тұрғындарының да белсенділігі көрініп-ақ тұр.

«Барлығымыз еліміз үшін маңызы зор референдумда өз таңдауымызды жасадық. Еліміз әрі қарай дамуы үшін бұл референдумның маңызы зор. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әр қазақстандықтың қатысуы маңызды деп ойлаймыз» дейді ұжым мүшелері.

Иә, расымен барлық аймақта референдумшылар белсенділік танытуда. Бұл республикалық референдумның демократиялық, әділ, таза өтуіне күш салып жүрген комиссия мүшелерінің де жұмысы көкейге қонымды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: