Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сенбі, 23 қараша, 08:01

«Референдум қорытындысы – ұлт барометрі» тақырыбында ғылыми-сарапшылық топтың отырысы өтті

07.10.2024

160

0

Бүгін Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Референдум қорытындысы – ұлт барометрі» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының отырысы өтті.

Оған зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, этномәдени бірлестіктер, облыстық ҚХА құрылым мүшелеріжәне БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих» кафедрасының профессоры, тарих  ғылымдарының кандидаты ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Айтжан Оразбақов ашып, жүргізді.

ҒСТ мүшелері Дәулет Омаров, Аман Абасилов кешегіРеферендумның сәтті өткізілуі және елімізде «естуші мемлекет» қағидасының жүзеге асуының көрінісі екеніне тоқталып, энегрия тәуелсіздігін орнықтыруда АЭС-тің маңызына тоқталды.

Сондай-ақ, ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері Т.Телеубаев, Ә.Жаппасбаев, Қ.Жарекеев, А.Абдулхасановтар күні кеше елімізде өткен Референдумда қазақстандықтар жаппай дауыс беруге қатысу арқылы бірлік пен азаматтық жауапкершілікті көрсетіп, бұл оқиға республикалық деңгейде шешімдер қабылдау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ететін тікелей демократияның бір түрі ретіндемаңызды рөлін атап өтті.

Қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жиын соңында ғылыми-сарапшылық топ мүшелері бүгінгі отырыстың мақсаты туралы БАҚ өкілдеріне сұқбат берді. 

1.jpg
2.jpg
3.jpg
5.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: