Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сенбі, 23 қараша, 07:57

Сенбілік – тазалық таразысы

08.10.2024

340

0

«Тазалық табалдырықтан басталады». Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Жалпы тазалық жұмыстары ауданда үздіксіз жүргізіліп келеді. Алайда «Тазалық тазаланған жерде емес, ласталмаған жерде болады» демекші, тұрғындардың санасына тазалық сақтау мәдениеті орнықпайынша мәселенің тез шешілуі оңай емес екені белгілі. Сондықтан жалағаштықтар тұрып жатқан мекенін таза ұстауға атсалысса игі. Сонда ғана сенбілікке шыққан азаматтардың жанкешті еңбегі көзге көрінер ме еді?!

Өңір шырайын шұғылалы ету мақ­сатында сенбі сайын көркейтіп-кө­гал­дандыру, абаттандыру және сани­тар­лық тазарту жұмыстары өтуде. Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу жұмыстарға барлық мекеме қыз­меткерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, кө­шелерде тазалық жұмыстарын қар­қынды жүргізді. Кентке кіреберісті, ор­­талық көшелер мен әлеуметтік ны­сандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қал­дық­тарын шығарып, ортақ мекеннің көр­кеюіне өз үлестерін қосты.
– Сенбілік тұрғындардың табиғат­қа деген жақсы қарым-қатынасын қа­лып­тастыруға және өңірдің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталғаны бел­гілі. Қоңыр күз келгенде жылғалар бітеліп, айнала қураған жапыраққа то­лады. Сондықтан біз табиғаттың ты­­­­нысын ашу мақсатында жол жиек­те­рін, арықтарды күл-қоқыстардан та­за­ладық. Әрине, қоршаған ортаның та­­залығына жауапкершілікпен қарау – әр­бір азаматтың басты мін­деті. Сон­­дықтан біз сенбілікке шығуды әдетке ай­налдырдық десем қате­леспеймін, – дейді кент тұрғыны Мәншүк Нұрмаханова.
Кент әкімі Мардан Жамалатов әкім­дік қызметкерлерімен бірге кө­шелерді аралап, сенбіліктің басы-қа­сында жүрді. Атап өту қажет, аудан бойынша тазалық жұмыстарына 2 мыңнан астам адам, 30 техника жұмылдырылған. Та­зартылған аумақтар бойынша 20 тон­надан аса тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыс шығарылған.
– Акция негізінде ұйымдастырылған сенбілікте кент ау­мағындағы негізгі кө­шелердің бойында орналасқан аял­да­малар мен демалыс орындары сыр­ланып, айналасы тазаланды. Бұдан бөлек кө­шелер мен саябақтардағы қоқыстар та­зартылып, қураған талдар кесіліп, көшелер қураған жапырақтардан та­зар­тылып, күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды. Қауіпсіздікті қам­тамасыз ету мақсатында кенттегі Н.Ап­резов көшесінің бойына, яғни «Күншуақ» бөбекжайы алдына «жыл­дам­дық бәсеңдеткіш» жасанды жол кедергісі орнатылып, ар­­найы жол бел­гісі қойылды. Жалпы та­залық бағы­тындағы жұмыстар жыл басынан бері жос­парға сәй­кес үз­діксіз жал­ғасын табады, – дейді кент әкім­дігінің бас маманы Тұраржан Әкімбаев.
Иә, жергілікті билік аудан таза­лы­ғына, көркейіп-көгал­дануына тікелей жауапты. Алайда әр адам «әкім­дік істейді, солар тазалуы тиіс» деген ұғым­нан бойын аулақ ұстап, туған жердің тазалығына бейжай қа­ра­мауы керек. Тұрғындар арасында тұр­ғылықты же­рін таза ұстау, лас­та­уға жол бермеу, айналаны көгал­дандыру жұмыстарына жұмыла ат­­са­лысатындай жаңа көз­қарас қа­лып­тастыруымыз керек. Ол үшін бір-бірімізге деген құрметтің де өзіндік орны бар.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: